Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ҰБТ-да жаңалық көп

06.02.2024

774 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде республикалық Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Емелбаев мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді.

Шара барысында ҰТО басшысы Руслан Емелбаев 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңашылдықтары мен өзгерістерін таныстырып, нысаналы және мемлекеттік грант конкурсы мен квоталар туралы ақпаратпен бөлісті. Биыл енгізілген өзерістер туралы тест құрылымы мен сұрақтарына, әр пән бойынша шекті деңгейлерінің өзерістеріне екпін берді. Сонымен қатар биылғы ҰБТ-да ешқандай өзгерістер жоқ екенін тілге тиек еткен Р.Емелбаев түлектерге тестілеудің ережесі мен талабын да ескертті.

 Руслан Тохтарбекұлы мамандық таңдаудың маңыздылығына да тоқталды. Расында, түлектің мамандық таңдауы – бұл өте жауапты. Себебі ол болашағымен тікелей байланысты болмақ. Орталық басшысы грантқа іліну жолындағы бірқатар құпиямен бөлісіп, грант үшін емес, өз жүрек қалауларымен мамандық таңдау керек екенін айта отырып, ақыл-кеңесін берді.

– Биылғы ҰБТ-да жаңашылдық көп. Жауап нұсқаларын бестен төрт-ке дейін қысқарттық. Сондай-ақ бейіндік пәндерде екі ұпайдан тұратын 10 сұрақ бар. Ондағы сегіз нұсқаның үшеуі дұрыс болуы мүмкін. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, оларды алтыға дейін қысқарттық. 2017 жылдан бастап ҰБТ ұпайлары бағаға ауыстырылмайтынын білесіздер.

Былтыр тақырыптық талдау түрінде ауқымды деректермен үлкен жұмыс жүргіздік. Бұрын әр талапкер тек сандары бар талдау картасын алса, енді жеке кабинеттен тақырыптық талдауды да көре алады. Онда қандай тақырыптар бойынша сұрақтар кездесті әрі олар қай кезеңді қамтиды, қай жерден қате жіберілді және қандай тақырыпқа жақсы дайындалу керектігі көрсетіледі. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында сұрақтар әзірленетін оқу құралдарының барлық тізімі көрсетілген. Барлық пән бойынша техникалық сипаттамалар қамтылған. Орталықтың ресми ресурсында тегін онлайн-тестерді іске қостық. Екі айда бір рет базаны жаңартамыз, – деді Руслан Емелбаев.

Мұнан соң Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицей базасында Руслан Тохтарбекұлы мен қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлының қатысуымен, мектеп директорларына арналған жиын өтті. Онда республика бойынша талдау жұмыстары мен өзгерістер толық таныстырылды.

А.НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: