Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Ұшқыр қалам – 2024»: Құрметке бөленген күн

02.07.2024

390 0

Өткен аптада өңірдің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері төл мерекесін тойлады. «Grand plaza» бизнес орталығында қала әкімдігінің «Ұшқыр қалам – 2024» мерекелік салтанатты шарасы өтті.

Шаһар басшысы Серік Қожаниязов билік пен бұқара арасында алтын көпірге айналған елдің, өңірдің, қаланың тыныс-тіршілігін, қоғамның өзекті мәселесін қозғап, қалам тербеп жүрген журналистер қауымына құрмет көрсетіп, кәсіби мерекемен құттықтады.

–  «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәр­менді байланыс құралы» – деп, мәртебе­леріңізді айқындаған заңға қол қойды. Расында, бұқа­ралық ақпарат құралдары еліміздің бүгіні мен ертеңін қалыптастыруда, қоғамды демокра­тияландыруда, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саяси тұрақтылығын қалыпты ұстауда айырықша маңызға ие. Осы ретте, ұлт болып ұйысуға, ұлт жоспары мақсатында атқарылған шараларға белсене қатысып, ақпаратпен қамтудағы зор үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді қала әкімі Серік Салауатұлы.

Журналист – шынайы әрі нақты ақпарат таратушы ғана емес, қоғамның қозғаушы күші. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналист қоғамның өзекті мәселесін, халық­тың жай-күйін билікке жеткізуші. Өзінен бұрын өзгенің қамын күйттейтін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бүгінде Сыр өңірінің оң имиджін қалыптастыруға елеулі үлес қосуда.

Осы орайда жыл сайын өткізілетін «Ұшқыр қалам – 2024» шарасы аясында шаһардың өзекті мәселелері мен жарқын жетістіктерін ақпараттандырып, халық пен билік арасында алтын көпір бола білген бірқатар сала үздіктеріне қала әкімінің арнайы алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды. Оның ішінде ардагер-журналист, Ақпарат саласының үздігі Жағыппар Қарабалаға және «Ақпарат.kz» газетінің бас редакторы, жуырда ғана мерейлі 70 жасқа толған Бибайша Алпысбаеваға қала әкімінің Құрмет грамотасын табыстады. Сонымен қатар қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бөлім басшысы Ақтолқын Нұрлыбайға қала әкімінің алғыс хаты мен мерекелік сыйы табысталды.

Бүгінде өңірдегі 150-ге жуық бұқаралық ақпарат құралы аймақтың тыныс-тіршілігін ақпараттандырып келеді. Ал қаланың әлеу­меттік-экономикалық дамуын үздіксіз ақпа­рат­тандыруда айшықты орны бар,  қаланың рухани айнасы болған «Ақмешіт апталығы» газетіне биыл 30 жыл, шаһар тұрғындарының сүйікті арнасына айналған «Қызылорда қоғамдық телеарнасына» 25 жыл толып отыр. Мерейлі мерейтой қарсаңында шаһар басшысы Серік Қожаниязов басылым мен телеарна ұжымына ерекше құрмет көрсетіп, сый-сияпат жасады.

Қаламгерлер құрметіне орай ұйымдасты­рылған мерекелік шара Сыр өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: