Сәрсенбі, 16 қазан, 15:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Ұстаздар ұлықталған күн

08.10.2024

286 0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Сыр ұстаздарының мерейі тасып, мәртебесі үстем болды. Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында ұстаздар қауымының еңбегі жанып, құрмет төріне көтерілді. Марапат мінберіне шыққан мәртебелі мамандық иелері де жетерлік. Жиынға қала әкімі Нұржан Ахатов және облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов қатысты.

– Президенттің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» идеясы білім саласындағы бірегей ұлттық жобаға айналып, облыс орталығынан заманауи үлгідегі 8 мектеп салынып жатыр. Оның біреуі шаһардың сол жағалауында жуырда ғана ел игілігіне табысталды. «ҚазГерМұнай» компаниясының қар­жылай қолдауымен сол жағалаудан 350 орындық «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде. Жастарымыздың спортпен шұғылдануы­на, өнермен, ғылыммен айналысуына мүмкіндік беретін «Инновациялық шы­ғармашылық орталығы», халықаралық стандарттарға сай келетін 10 мың орындық «Орталық стадион», жабық бассейні бар дене шынықтыру кешені, 650 орындық жаңа үлгідегі музыкалық колледждің де құрылысы қарқынды атқарылуда. Биылдың өзінде қаладағы білім саласына бағытталған қаржы көлемі 72 млрд теңгеден асты. Осы аталған ауқымды жобалар, игілікті істердің барлығы қаладағы жеті жарым мыңнан астам педагогтың кедергісіз қызмет етуі мен шәкірттердің сапалы білім алу үшін жасалып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Нұржан Ахатов.

Салтанатты шарада ардагер-ұстаз­дарға Оқу ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі мен «Құрмет» грамотасын, облыс әкімінің «Алғыс» хатын және үздік 10 педагогке 150 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Ақ тілек-құттықтаулар, ыстық ықы­ластың барлығы да бұл күні ұстаздар қауымының құрметіне арналды. Оқушылар ән-жырдан, биден шашу шашып, мереке сәнін аша түсті.

Д.ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: