Сенбі, 21 желтоқсан, 20:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

21.12.2024

52 0

Қызылорда облыстық филармониясына қарасты жыраулар үйінде Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер акаде­мия­сының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынованың «Сыр бойы жырау­лық өнерінің бастаулары» және «Сыр бойындағы шайыр­лық дәс­түр және ислам мәдениеті» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Рухани шараны ашқан жыр дүлдүлі А.Алматов Сыр бойындағы жыраулық өнердің тарихына тоқталып,  бағзы заманнан біздің заманымызға мұра болып жеткен төл өнердің жауһарларының жастарымызға берер ұлағаты мен тәлім-тәрбиесі мол екенін тілге тиек қылды.

Мұнан соң қоғам қайраткері Бақберген Досманбетов, жырау Берік Саймағанбетов,  Мұхтар Ниязов, Нұрмат Мансұров, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық Qyzylorda телеарнасының директоры Нұрбек Әмиша,  облыстың бас имамы Дастан Құрманбаев, өзге де ел ағалары құнды еңбектің Сыр елінің руханияты үшін баға жетпес байлық екенін айта келе, өнер иесіне жүрекжарды тілегін жеткізіп, ақтаңгер айтыс ақыны Серік Ыдырысов өзінің жыр арнауын жолдады. Керемет жырмен әдіптелген рухани шарада кітап авторы, күміс көмей жырау  Ұлжан Байбосынова жиылған қонақтарды төл туындысының мазмұнымен таныстырып,  Сыр бойының жыраулық дәстүрінің діни көзқараспен сабақтастығын тілге тиек етті.

Жиын соңында  белгілі жырау Алмас Алматов пен кітап авторы, тарлан талант иесі Ұлжан Байбосыноваға Сыр өңіріндегі ұлттық өнерді насихаттаушы  жыраулар қауымы шапан жауып, кәделі сый-құрмет көрсетті.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: