Сенбі, 29 қараша, 00:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91 (2203)
29.11.2025
PDF мұрағаты

Сұрансықа ие мамандар даярлауда

29.11.2025

22 0

«Жұмысшы мамандықтары» жылы аясында Қызылорда жоғары көпсалалы колледжнің ұйымдастыруымен  «Кәсіптік-техникалық мамандықтар: еңбек нарығының сұранысы мен болашағы» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстық білім басқармасының мамандары мен колледж директорлары қатысты.

Семинарға қатысушылар жоға­ры көпсалалы колледжінің  оқу үде­рісіне негізделген заманауи мате­риалдық-техникалық базасымен, ро­бо­тотехника кабинеті, электрмен қам­тамасыз ету, агротехника, авто­көлік жөндеу, ветеринария, тігін шеберханасы, құрылыc кабинеттері, бағдарламалау зертханасы жұмыс­тарымен танысты.

Арнайы жабдықталған каби­неттер білім беру сапасын арттыруға және болашақ мамандардың құзы­реттілігін дамытуға бағытталған.

Сұрансықа ие мамандар даярлауда

Облыстық іс-шараға  техника­лық және кәсіптік білім беру бөлі­мінің басшысы Бекжан Есенбаев, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палата­сының директоры Пірмұхам­мед Сыздық және И.Әбдікәрімов атын­дағы Қызылорда политехни­калық жоғары колледжінің директо­ры Абайбек Жүнісов, «Қызылор­да жылу орталығы» МКК мама­ны Нұрлан Байкен арнайы қаты­сып, пікір білдірді. 

Бүгінгі таңда еліміздің әлеумет­тік-экономикалық дамуының негі­зі – кәсіби-техникалық мамандарды даяр­лау. 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жария­лануы кәсіпқойлық пен еңбек­­сүйгіштік идеясын алға жыл­­жытуға үлкен серпін береді. Колледжі­міздің басты мақсаты – за­манауи технологияларды меңгерг­ен, кәсіби құзыреттілігі жоғары мамандар даярлау. Дуалды оқыту­ды дамыту арқылы студенттер теорияны өндірістік тәжірибемен ұштастырады. Бүгінде білім алу­шылардың 60%-ы өндірісте тәжірибе жинақтап, түлектердің 80%-дан астамы мамандығы бойын­ша жұмысқа орналасып отыр. Студенттеріміз WorldSkills чемпионаттарында жүлделі орын­дар­ға ие болып, халықаралық дең­гейдегі талаптарға сай біліктілігін дәлелдеуде, – деді колледж ди­рек­торы Маржан Қылышбайқызы.

Семинар барысында «Болашақ маманның бір күні» атты Workshop Vision ұйымдастырылып, қатысу­шылар өзара пікір алмасты және ұсыныстар жасады. Сонымен қатар «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Қызылорда нан» ЖШС мекемелерімен ынтымақ­тастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: