Сенбі, 24 мамыр, 20:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38,2151
24.05.2025
PDF мұрағаты

Судан келер қауіп көп

24.05.2025

67 0

Биыл жаз маусымы басталмай күн­нің қатты ысып кетуі төтеншеліктердің де жұмысын оңайға соқтырмай отыр.   Жылда Сырдария өзеніндегі белгілен­беген жерге шомылған азаматтардың түрлі себеппен қайғылы жағдайға ұшы­рауы  өз өміріне салғырт қарауынан, мектеп жасындағы балаларға ата-ана тарапынан бақылаудың жоқтығынан екенін айтып  төтеншеліктер дабыл қағуда.

Мамандардың айтуынша, жыл бас­талғалы облыс аумағындағы су ай­дындарында 3 адам қаза болса, оның 1-і бала екендігі анықталып отыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін айта кетейік, өткен  жылы 24 адам тілсіз жаудың құр­баны болса,  оның 11-і бала екен. Құт­қарушылардың жедел әрекетінің арқа­сында  9 адам ажалдан аман қалған.

– Адамдардың суға кетуінің не­гізгі себебі – қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы.  Өзен немесе арнаның,  зерттелмеген ағысы жылдам, терең, тік жар жеріне шомылуы, ішімдік ішіп, балалардың ересектердің бақылауынсыз суға түсуі және жүзе білмейтіндігі мәселені күрделендіріп, қайғылы оқиға орын алуда. Бұған қоса,  қауіпті аймақта  рұқсат етілмеген жүзу құралын қолдануы бақытсыз жағдайдың санын көбейтуде. Сонымен қатар соңғы жылдары ұжым мен оқу орындарындағы жастар­дың демалысын өзен мен көл жаға­сында ұйымдастыруы жиілеп кетті. Салдары­нан демалыстың соңы бақытсыз жағ­даймен аяқталуда. Рұқсат етілмеген су айдындарында терең жерлерден барын­ша сақтанған жөн екендігін ескертіп,  суға шомылуға тыйым салынған 63 қауіпті аймақтың тізімі тіркеліп, 149 ескерту тақтайшасы мен 92 биль­борд орнатылған. Тұрғындардың қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету мақсатында күн­делікті тәулік бойы жауапты сала мамандарымен бірге полиция депар­та­менті, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және еріктілермен 201 рейдтік жұмыс ұйымдастырылып, 20 мыңнан астам тұрғынға судағы қауіп­сіздік ережесі түсіндіріліп, үнпарақ таратылды. Сондай-ақ профилактика­лық жұмыстарға 225 еріктілер жұмыл­дырылды, – дейді  облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қор­ғаныс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғафур Ақмырзаев.

Суға түсуде сала мамандары айтқан сақтық шараларын қаперге алып, әсі­ресе балалар өміріне сақ болу керек.  Қазақтың «Сақтансаң сақтаймын» де­ген тәмсілі осындайда айтылса керек.  Балалар өмірі бәрінен қымбат екенін есте ұстайық.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: