Сәрсенбі, 11 маусым, 04:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№42 – 2155
10.06.2025
PDF мұрағаты

Судың да сұрауы бар

10.06.2025

74 0

«Қала тұрғындары су тұтыну мәдениетін білмейді», – дейді «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы Жасұлан Абатов. Оның айтуынша, тұрғындар суды үнемдеп қолдануға ықыласты емес. Су – тіршілік көзі. Алайда соңғы жылдары жаһандық климаттың өзгеруі, халық санының артуы және тұрмыста суды орынсыз пайдалану салдарынан елімізде су тапшылығы айқын сезіле бастады.

Судың да сұрауы бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, 2040 жылға қарай су тапшылығы 12–15 миллиард текше метрге дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты 2025 жылдың 9 сәуірінде жаңа «Су кодексі» қабылданды. Оның негізгі міндеттері – су үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру, елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту, сондай-ақ су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Өңірде су тұтыну көлемі жыл сайын артып келеді. Қызылорда қаласы бойынша тұтынушылар саны – 87 504. Оның ішінде: жеке тұлғалар – 82 808, бюджеттік мекемелер – 256, шағын және орта кәсіп иелері – 4 440 адамды құрайды. Ал су өндіру көлемі соңғы жылдары төмендегені байқалады:

2023 жылғы 31 шілдеде – 108 700 текше метр болса, 2024 жылғы 21 маусымдағы мәлімет бойынша – 101 411 текше метр, 2024 жылдың мамырында тәулігіне 76 380 текше метр ауызсу берілген. Жасұлан Уәлиұлының айтуынша, бұл көрсеткіштердің төмендеуіне тұрғындардың ауызсуды көгалдандыру, көлік жуу, бау-бақша суару секілді жұмыстарда шамадан тыс пайдалануы әсер етіп отыр. Қаладағы кейбір шағын аудандарда, атап айтқанда сол жағалау мен «Арай» шағын ауданында, тұрғындар тарапынан су сапасына және қысымына қатысты шағым түсіп, кәсіпорын тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар көптеген кәсіпкер лас суды рұқсат етілмеген орындарға төгіп, нәтижесінде кәріз жүйелері бітеліп қалған жағдайлар да жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін бірнеше ірі жоба іске қосылды.

Брифинг түйіні: Суды үнемдейтін уақыт келді.

Айдана Бахтияр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: