Сыбайлас жемқорлық – мемлекет пен қоғамның дамуына айтарлықтай кедергі келтіретін, қоғамдық сенім мен әділдікке нұқсан келтіретін күрделі құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, экономикаға, әлеуметтік тұрақтылыққа және жалпы азаматтардың өмір сапасына теріс әсер етеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу – тек қана мемлекеттік органдардың емес, қоғамның ортақ міндеті.
Талсуат ауылдық округінде осы мәселеге байланысты бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы аясында қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы», «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыптарында мекемелер арасында кездесу ұйымдастырылып, «Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы сақтау» мен бюджеттік заңнамаларға қатысты арнайы семинар өткізілді. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша видеоролик көрсетіліп, ақпараттық түсініктеме берілді. Жиналыстар барысында қызметкерлерге пара алмау, бермеу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол бермеу ескертілді. Мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы бұрыш жасалды. Ғимараттың кіре берісінде өтініштер мен ұсыныстар жәшігі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің «CALL center 1424» байланыс нөмірлері жазылған ақпараттық кітапшалар орналастырылды. Бұл шаралар мекемеде ашықтықты қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тиімді жүргізуге бағытталған.
Ауылдық округтің А.Құнанбаев көшесіне «Жемқорлық – біздің заманымыздың ең үлкен індеті» тақырыбында бильборд орнатылды.
Талсуат ауылдық округінің әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлықты анықтау бойынша талдау жұмысы жылына бір рет жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық – індет. Онымен күресу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғам міндеті.
Әрбір азамат заңға бағынуға, пара бермеуге және алмауға, әділеттілік пен адалдық қағидаларын ұстануға тиіс. Бұл – болашақтың алдында, жас ұрпақтың алдында біздің азаматтық, адамгершілік борышымыз.
Біз тек бірге әрекет еткенде ғана таза қоғамды, парасыз болашақты құра аламыз. Әр жүректе адалдық ұстанымы мызғымас ұранға айналуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқан емес, мәңгілік миссия.
Ерлан Бейсенбаев,
Талсуат ауылдық округінің әкімі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!