Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар түпкілікті жолға қойылған. Инспекция мамандары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу өзекті. Ветеринариялық инспекторлар күнделікті ішкі сауда объектілерінде, мал сою нысандарында бақылау шараларын жүргізеді. Қызылорда қалалық инспекциясымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер заң талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Сыбайластықпен күрес күнделікті күн тәртібінен түспейтіні белгілі. Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу.
Қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күресу – күрделі мәселелердің бірі. Сондықтан барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, әрбір жеке адамдар өз құзіреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
Б.Нурманов,
Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!