Сенбі, 09 тамыз, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59,2172
09.08.2025
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның басты міндеті

09.08.2025

51 0

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алу. Бұл – тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Сыбайлас жемқорлық – бұл лауазымды тұлғаның өз өкілеттігін және қызметтік мәртебесін жеке немесе делдал арқылы өзі не басқа тұлғалар үшін мүліктік, басқа да пайда табу мақсатында пайдалануы. Ол — мемлекеттің дамуын тежейтін, халықтың билікке деген сенімін азайтатын қауіпті құбылыс.

Қазақстан Республикасының «Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестің құқықтық негіздері нақты көрсетілген. Мемлекетіміздің басты мақсаты – ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз етіп, қоғам өмірінің барлық саласында адалдық пен әділдікті орнату.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірнеше негізгі тетігі бар. Оның ең біріншісі – қоғамда заң үстемдігін орнату. Одан кейін мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету. Ашықтық пен есеп берудің тиімді жүйесін қалыптастыруда септігін тигізеді. Білім беру арқылы азаматтардың құқықтық санасын арттыру да маңызды тетіктер қатарында. Қоғамдық бақылауды күшейткенде ғана біз осы тетіктерді тиімді пайдалана аламыз.

Мемлекеттік органдарда және мекемелерде этика, тәртіп және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп келеді.

Өзім қызмет ететін төтенше жағдайлар органдары – халық игілігі үшін қызмет ететін құрылым. Сондықтан да Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидаты берік орныққан. Қызметкерлер өзара адалдық, әділдік және заңға мойынсұну бағыттарын басты қағида ретінде ұстанады. Әрбір қызметкер сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге міндетті және ол үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

Мақсат ТӨРЕМҰРАТ,

Төтенше жағдайлар департаментінің

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: