Сәрсенбі, 21 қаңтар, 01:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Сыр елі – жыр елі деп бекер айтылмайды

21.01.2026

37 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында  «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған» деген еді.  Осы орайда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1990 жылдан бері Алмас Алматов атындағы дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы жұмыс істеп тұр. Қазір сол шәкірттер арасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ғылым кандидаттары бар. Сыр бойындағы Жыраулар үйінде Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды саңлақтар негізін қалаған жыршылық мектеп, аудандық музыка мектептерінде де арнайы сыныптар ашылған. Сонымен бірге музыкалық колледже де бөлім ашылды. Биыл менің үш шәкіртім Phd докторына түсті. Олар Күнсұлу Түрікпен, Ақерке Дабылова, Малика Алдамжаров. Бұл өнердің тек орындаушылық қана емес ғылыми ағартушылық жолына бағыт алып келе жатқанын көрсетеді.  Ұлттық құрылтай ел бірлігін бекемдеп, ұлысты ұйытып, халыққа береке мен бірлікті үндеген жиынға айналды. Құрылтайдан кейін елеулі саяси өзгерістер болатынына сенеміз.

Алмас Алматов,

жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: