Сейсенбі, 11 қараша, 01:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Сыр жұрты Мемлекет басшысына алғысын жеткізді

11.11.2025

31 0

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың дамуына серпіліс берген жобалармен танысты.

Сыр жұртшылығы Президентіміздің бірлік пен тұрақтылыққа, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бас­тамаларын қолдап келеді.

Аймақтағы игілікті істердің жүзеге асуына ерекше қамқорлық көрсет­кенін жақсы біледі. Өйткені саяси-эко­номикалық реформалардың нәтижесі Қызылорда облысының бүгінгі даму серпінінен анық байқалады.

Мемлекет басшысының өңір жұртшы­лығымен кездесуде айтқан әлемдегі ахуал, су тапшылығы, жастар тәрбиесі, жасанды интеллект дәуірінің жаңашылдықтарын пайдалану туралы пайымдары баршаға ой салды. Әсіресе, Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхананы Қызылорда қаласында салу туралы бастама жұртшылықты қуанышқа кенелтті. Президенттің:

«Облыс жалпы жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары», – деген оң бағасы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сыр халқының мерейін өсірді.

Сапардан соң, қызылордалықтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына хат жолдап, алғыс білдірді.

«Сізге барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды, зор ризашылығымызды білдіреміз. Әділет­ті, Қуатты, Таза Қазақстанды құру жо­лындағы барлық бастамаларыңызды қолдаймыз! Тәуелсіз еліміздің дамуына бағыт­талған тарихи миссияңызға мол жетістік, мықты денсаулық және сар­қылмас жігер тілейміз!» – делінген хатта. ​

Сыр жұртшылығының атынан жол­данған алғысты жеткізгендер арасында «Қазақстанның Еңбек Ерлері», ардагер­лер мен әйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: