Жұма, 27 наурыз, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Сыр журналистикасының мерейі

07.03.2026

253 0

8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Qyzylorda» телеарнасының шеф редакторы Айнұр Тұңғышбаеваны Ақордада Мемлекет басшысы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Айнұр Тұңғышбаеваны көпшілікке таныстырудың өзі артық. Журналис­тикадағы еңбек жолында «Ақмешіт апталығы», облыстық «Сыр бойы» газетінде еңбек етіп, ұшқыр қаламымен, өткір де ойлы мақалаларын оқырманы іздеп жүріп оқыса, қазір облыстық телеарнада «Үштаған» сараптамалық бағдарламасын көрермен қалт жібермей көреді. Есімі елге белгілі тәжірибелі журналист ретінде кейінгі буынға берері мол Айнұр Нұрланқызының  кеудесінде жарқыраған «Ерен еңбегі үшін» медалі Сыр журналистикасына берілген баға деп білеміз. Әріптесіміздің марапаты құтты болсын! Сыр журналистикасының абыройы арта берсін!

Сыр журналистикасының мерейі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: