Жұма, 27 желтоқсан, 16:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тәрбиеші Анаркүл

22.10.2024

303 0

«Нұр орда» бөбекжай-бақшасының «Балдырған» кіші тобының тәрбиешісі Анаркүл Әзиева балабақшада 2018 жылдан бері қызмет атқарады. Ол өз мамандығын барынша сүйетін мейірбан жан, білікті маман.
– Мен балаларды қатты жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларды көрудің өзі бір ғанибет.
2018 жылы «Балдырған» тобына қабылдаған 25 баланы 2024 жылдың мамыр айында бітіртіп, қимастықпен шығарып салдық. Қазір «Балдырған» кіші тобында 2 жасар 15 балаға тәлім-тәрбие беріп жатырмын. Әр адам өзі қалаған мамандықты жақсы көру керек. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген ғұлама Әл-Фарабидің сөзін басшылыққа аламын. Қазіргі заман балалардың тәрбиесіне ерекше мән беру қажет, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Мен өз тәрбиеленушілерімнің балалықтан болашаққа табалдырық аттағанда келешегінің кемел болуын, әрбір бала жұлдыз болып жарқырауын қалаймын. «Маған айтып берсең ұмытып қаламын, көрсетсең есте сақтаймын, өзіме жасатсаң үйренемін» деп Конфуций айтқандай, балалардың өздеріне жасату арқылы дамытамын. Әр күні тобымдағы кішкентай бөбектерімді көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені көргенде қатты қуанады, жарыса амандасады. Қуанышын жасыра алмай, алдыма келіп еркелейді, – дейді мейірімді тәрбиеші.
Педагогтың тәртібі, іс-қимылы, балалар мен үлкендермен қарым-қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Ал Анаркүл тәрбиеші өз ісінің шебері. Балаларға тәрбие беріп отырған бала жанының бағбаны.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: