Сенбі, 19 сәуiр, 20:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Тәртіп бұзуға жол берілмейді

19.04.2025

63 0

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №522 Жарлығына сәйкес азаматтардың сұраныстарына ден қоюға көшу мемлекеттік органдар үшін негізгі мақсат болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) қызмет алушылардың бұзыл­­ған құқықтарын қалпына келтіру бойынша тиісті жұмыс­тарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Осы жылдың 1-тоқсанының қорытындысымен 25 өтініш бойынша 9 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2 қызмет алушының, сұрау салу арқылы 3 тексеру жүргі­зіліп, нәтижесінде 1 қызмет алушының құқы қалпына келтірілді.

Бұдан бөлек, қашықтықтан мониторинг жүргізумен анықталған бұзушылықтар бойынша сұрау салу арқылы 3 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, биыл ақпан айында департа­ментке қызмет алушы З.М.-дан қосымша жер учаскесін алу мәселесіне қатысты шағымы келіп түскен.

Қызмет алушы З.М. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жер қатынастары сала­сындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида)10-қосымшасына сәйкес «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің

І-кезеңі бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы Әкімдікке өтінішін жолдап, Жер комиссиясының хаттамалық шешімімен оң қорытынды алған. Қорытындыға сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеп, бөлімге «Е-Лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы өтініші мен құжаттарын жолдап, одан да оң қорытынды алған.

Бұдан әрі «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ІІ кезеңіне келгенде, бөлім қызметкерінің азаматша З.М.-ның құжаттарын қағида талаптарында көзделмеген тәсілмен, яғни көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылдағаны анықталды. Соның салдарынан қаулы жобасы әкімдікке заңда белгіленген мерзімнен кешіктіріліп берілген. Бұған қоса, қызмет алушы З.М.-мен сұратылған жер учаскесі қала шегінде болуына байланысты қағиданың 17-қосымшасына сәйкес «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі бойынша көрсетілуі қажет. Алайда қызмет алушы З.М.-ның өтініші мен құжаттары мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі бұзылып, қағиданың 10-қосымшасына сәйкес көрсетілгені және қаулының қызмет алушы З.М.-ға табысталмағаны анықталды.

Департамент жүргізген тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы әкімдік пен бөлімге берілген ұсынудың нәтижесінде, қызмет алушы З.М.-ға қосымша жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау туралы қаулысы беріліп, бұзылған құқықтары қалпына келтірілді және бөлімнің маманына тәртіптік жаза қолданылып, әкімдік пен бөлім қызметкерлері арасында тиісті түсіндірме жұмыстары мен құқықтық оқыту өтті.

З.АРЫНОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша

департаментінің бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: