Сенбі, 22 қараша, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Тәуелсіздікке бастар үн

22.11.2025

30 0

Уақыттың кереғар құбылыстарын көзбен көріп, түрлі қиындықтарды бастан кешірген, елдің тәуелсіздікке ұмтылуына ұйытқы болған – Міржақып Дулатұлы. Айталық, ол «Оян қазақ» атты туындысында халықты ояту, надандықтан арылту, ұлттық рух пен намысты қайрау сынды әрекеттерді алға тартты. Әсіресе мына бір өлең жолы ерекше рух оятады.

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Бұл шумақ арқылы ақын қазақ халқына үндеу тастап, оларды ұйқыдан, отарлық езгіден, рухани мешеуліктен арылуға шақырады. Елдің тәуелсіз болуы бізбен яғни қазақ халқына байланысты болды. Осы орайда Алаш Ордасының төрағасы Әлихан Бөкейханның нақыл сөздерінің бірін тілге тиек еткім келіп отыр. «Алаштың баласы алашқа қызмет қылмай қоймайды!» – деп қазақтың әрбір азаматының ұлтқа адалдығын, елінің болашағына деген жауапкершілігін білдірген. Алаш зиялыларының  өлең жолдары мен нақыл сөздерінде халықты рухтандыру, алға тарту мен күш-жігерін ояту жолы қарастырылған.

Сол заман кезеңінде ақын-жазушылар  қазақ  өзіне-өзі қызмет етпесе, ешкім келіп құтқармайтынын білген. Алаш зиялылары білім мен ерік-жігер арқылы ұлттың көзін ашуға тырысты. Олар саясатта, ғылымда, әдебиетте, баспасөзде ел үшін қызмет етті. Шығармалардың мағынасы жай ғана сөз емес, Алаш идеологиясының рухани өзегі, халқы үшін жанын пида етуге даяр зиялының серті.

Нұрбала ІЛИЯСОВА,

№167 орта мектебінің қазақ тілі  мен   әдебиеті  пәні  мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: