Жұма, 27 қыркүйек, 04:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

Тағылымы терең «KITAP time»

21.09.2024

374 0

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада ІІІ жалпыреспубликалық «KITAP time» фестивалі өтті. Адамның рухани қуатын арттыратын көркем шығарманың болмысын ашып, кітапсүйер қауыммен қауыштырып, мәдени құндылықтарды көпшілік оқырманға насихаттауды мақсат еткен іс-шара күні бойы бірнеше бөлікте ұйымдастырылды. Қалың оқырман үшін берері мол келелі іс-шарада Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Нұрлыбек Мыңжас фестивальдің мән-маңызына тоқталды. – Сіздерді бүгінгі республикалық «KITAP time» фестивалінің ашылуымен құттықтаймын. Қадірлі оқырман Ғабит Мүсірепов айтады «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» деп. Кітапхана – қалың оқырман мен кітаптың арасындағы алтын көпір. Сондықтан мұндай маңызды мәдени шаралар өткізіліп тұру керек. Ал сіздерге есігіміз әрқашан ашық, – деді ол. Мұнан соң кітапхананың тұрақты және белсенді оқырмандарына Қызылорда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекованың «Кітапхана лидері», «Ең көп кітап оқыған оқушы», «Абонемент көшбасшысы», «Оқу залының көшбасшысы» аталымдары мен алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ, «Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі» тақырыбына поэзия кеші, «Кітаппен жарқын әлемге» тренинг сағаты, «Ертегілер әлемі» атты ертегі кейіпкерлерінің шеруі, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы А.Жолтерек және газет ұжымымен кездесу, күміс көмей әнші Мәдина Ералиеваның туғанына 70 жыл толуына арналған ән кеші, «Кітап және кино әлемі» кино-ойыны, әдеби-библио бар, «Жаңа заман әдебиеті» және ұмыт бола бастаған әдебиеттерден «Білім сандығы» кітап көрмесі мен ретро бұйымдардан көрме оқырмандардың таным көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: