Дүйсенбі, 25 тамыз, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№63,2176
23.08.2025
PDF мұрағаты

Тасбөгет: Апатты үйлер азайды ма?

23.08.2025

35 0

Қала іргесіндегі  Тасбөгет кентінің ажарын  жаңадан бой көтерген зәулім үйлер айшықтап тұр. Бұрынғы аудан орталығының көшелері кең, оны бойлай өскен қалың ағаш та кенттің тарихынан сыр шерткендей. Тасбөгет кентіндегі тұрғындардың көпшілігі қала орталығына қатынап жұмыс істейді. Дегенмен халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлік нысандары көбейіп, кенттің шаруасына қан жүгіртіп, елдің еңсесін тіктеуге көмектесуде. Мұнда қатынайтын бірнеше қоғамдық көліктің сызбасы да халыққа қолайлы.

Тасбөгет кентінде атқарылып жатқан жұмыстар және болашақта қолға алынатын жобалар барысы туралы Тасбөгет кентінің әкімі Айдын Тыныштықбай БАҚ өкілдеріне берген брифингте баян етті.  Ең алдымен бюджет пен салықтың түсімін көбейту әлеуметтің әлеуетін көтеруге жәрдемдеседі. 2025 жылға бекітілген бюджеті 496 млн теңге болса, алғашқы жартыжылдықта  302,2 млн теңге қазынаға құйылып, жоспар 100 пайызға орындалған.

Ал салық түсімінің жоспары 6 айда 103 пайызға жетіп, артығымен орындалған.

Кентте кәсіпкерлер саны күн сайын артып келеді. Кәсіпкерлік нысан саны биылғы жарты жылда   880 болса,  606-ы жеке кәсіпкер, 256-ы заңды тұлға, 18-і шаруа қожалық. 3 азық-түлік шағын маркеті, 2 көлік жуу бекеті, 2 дәмхана, 1 техникалық жөндеу орталығы және 1 отбасылық кафе ашылға­ны­ның өзі бұл са­ла­ның өркендегенін көрсетеді.

          Өткен жылы кент тұрғындары мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау, дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 29 тұрғын жоба қорғап, 72,7 млн теңге көлеміндегі  қаржыға қол жеткізді. Кәсіп иелеріне «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба», «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығының микрокредиттері, «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы микрокредиттер, 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз гранттар қолдау болды. Кентте инфрақұрылымды дамыту бағытында мемлекеттік бюджет, демеуші көзі және инвестиция есебінен жаңа бейітті қоршау және тегістеу жұмыстары жүзеге асты.  Тасбөгеттегі 95 көпқабатты үйдің 25-і апатты деп танылған. Өткен жылы Наурыз және Тасарық шағын аудандарында 10 үйдің шатыры жөнделді. Оған  қалалық бюджеттен 68 млн теңге бөлінді. Биыл да кенттегі көпқабатты 16 тұрғын үйдің шатырына жөндеуге қалалық бюджеттен 104,5 млн теңге  қаралып, жұмыс аяқталуға жақын, – дейді кент әкімі.

Тасбөгет: Апатты үйлер азайды ма?

Кентте тұрғын үй саны өскен сайын жылу құбырын жаңарту күн тәртібінде тұрған еді.  Биыл тұрғындардың назарындағы бұл мәселе шешімін тауып, құны  1,2 млрд теңгені құрайтын ұзындығы 2,7 шақырым жылу құбыры тартылуда. Қазан айында жұмыс аяқталып, ел игілігіне берілмек.

Тасбөгеттіктерді  жиі   алаңдататын мәселе жол болса, оны жөндеуге  15 млн теңге бөлініп, көшелер ішінара  жөнделген. Сонымен қатар  қоғамдық көлік жиі қатынайтын Мұстафа Шоқай көшесінің 790 метрін,  Абай Құнанбайұлы көшесінің 620 метрін,  Сапарбек Олжабайұлы көшесінің 1000 метрін,  Қалқабай Әбенов көшесінің 2700 метрін орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп,  облыстық бюджетке өтінім берілген.

Кент аумағын абаттандыру және арық жүйелерін тазалау, аяқсумен қамтамасыз ету  күн тәртібінен түскен емес.  Қалалық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, кентті жасыл желекке бөлеу мен тазалық жұмысын мердігер мекеме атқаруда.

Самаладай жарық көшелер айналаға көрік берумен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Осы ретте З.Мәмбетов, С.Сейфуллин, Н.Өткелбаев, Ә.Жангелдин, А.Жанкин, Ж.Әбілқасымов көшелеріне  және  үнемделген қаржы есебінен М.Абдраманов, Ж.Дүйсенов, С.Өтеуов және Т.Батыршаев көшелеріне жарық орнатылып, шет аймақтың жарық мәселесі шешімін тапқаны да тұрғындарды қуантып отыр.

Көше бойындағы жаяу жүргіншілер мен көліктің жүріп-тұруына, электр желісі мен жол ережесі белгісіне қураған ағаштар кедергі келтіретін. Бұл мәселе де оң шешімін тапты.

–       Сабалақ саяжайындағы тұрғындардың көптен бері көтеріп келген «көгілдір отын» жайы аймақ басшысының қолдауымен  жүзеге асып, оған 3 кезеңнен тұратын жоба дайындалды. Бүгінде саяжайдың ішкі бөлігіне  газ желісі тартылуда. Сабалақты ауызсумен қамтуға  облыстық бюджеттен 188,7 млн теңге және қалалық бюджеттен 200,3 млн теңге бөлінді. Жобаны «Авангард ПГС»  ЖШС жүргізуде, – дейді кент әкімі.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: