Сенбі, 31 қаңтар, 01:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8 (2220)
31.01.2026
PDF мұрағаты

Тасымал көліктері талапқа сай ма?

31.01.2026

38 0

Қыс мезгілінде жол жағдайының қиындайтыны белгілі. Қар мен көктайғақ көлік қозғалысына жолаушылардың әсіресе балалардың қауіпсіздігіне әсер етеді. Осыған орай, балаларды тасымалдаумен айналысатын көліктердің талапқа сай болуын анықтау мақсатында рейд жүргізілді.

Рейд барысында «Альфард» автокөлігінің тасымалдауға техникалық сай еместігі анықталды.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдары мен жеке мектептер, балабақшаларда балалар тасыма­лымен айналысатын көлік құралдарына қатысты тексеру шаралары жүріп жатыр. Рейдтің негізгі мақсаты – тасымалдаушы көліктердің жай-күйі, техникалық талаптары, қауіпсіздік белдіктері мен балаларға арналған орындықтың болуын тексеру.

Тексеру барысында жеке мектептердің біріне тиесілі балалар тасымалы көлігінің талапқа сай келмейтіні анықталды. Байқалған кемшіліктерге байланысты жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін қызметті ұйымдастыруда заң талаптарын орындау қажеттігі түсіндірілді.

Мамандардың айтуынша, балаларды тасымалдау ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан мұндай көліктер тәртіп пен талаптың сақталуына баса мән беруі қажет.

– Қаламызда білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырылатын тасымал мәселесі өзекті. Балабақшаларда, мектептерде бүлдіршіндер күнделікті жеке көліктермен тасымалданады. Кей­бір жеке мектептердегі оқушыларды таситын көліктер техникалық талапқа сай кел­мейтіні анықталып жатады. Қалада 61 мемлекеттік, 27 жеке білім беру ұйымдары қызмет етеді, – деді қалалық білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадіров.

Сонымен бірге жауапты мекеме қаладағы барлық білім беру ұйымдарына тасымал қызметін заң талаптарына сай ұйымдастыруға шақырды.

– Рейдтік іс-шара барысында бірнеше автокөлікке хаттама рәсімделді. Заң талаптарына сәйкес автокөлік есігі екі жағынан ашылуы керек. Себебі балаларды тасымалдау барысында қауіпсіздік бірінші орында. Тексеру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады, – деді полиция майоры Самат Қадіров.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: