Жексенбі, 24 қараша, 18:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Таза Қазақстан»
бір күндік науқан емес

13.07.2024

497 0

Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы апта сайын ұйымдастырылып келеді. Акция бес кезеңнен тұрады. Олар – «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ» пен «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» акциясы.
Сыр өңірінде де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл мақсатта коммуналдық қызмет мекемелерін жаңа техникамен қамтамасыз ету мәселесі қаралып, конкурс ұйымдастырылмақ. Мәселен, өткен жылы ұйымдастырылған «Үлгілі елді мекен» конкурсы бойынша үздіктерге 29 арнайы техника табысталған еді. Биыл «Үлгілі елді мекен» конкурсы бойынша бюджеттен 436 млн теңге бөлініп, 19 техника алынуда.
Жыл соңына дейін «Қызылорда тазалығы, «Жасыл Қызылорда» мен «Қызылорда су жүйесі» коммуналдық мекемелеріне арнайы техника берілмек.
Сонымен қатар қаланың көркіне сән қосу үшін демеушілер де өз қаражатынан 28 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттерін заманауи панельмен қаптап, 20 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандырды. Ал орталық алаңға бюджет есебінен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе, теміржол вокзалы ғимараты мен перроны күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ балалардың игілігі үшін жаңа 80 ойын және спорт алаңы салынды. Мұнан бөлек, демеушілер облыс орталығындағы 63 көпқабатты тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысанның қасбетін заманауи үлгімен жаңартпақ.
Айта кетейік, облыстық бюджеттен қаладағы көшелер мен аулаларды абаттандыруға 12 млрд 700 млн теңге бөлінді.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: