Сейсенбі, 09 желтоқсан, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Тазалық сақтамағандарға ескерту берілді

09.12.2025

42 0

Қалада санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін рейд апта сайын жүргізілуде. Тұрғындар мен кәсіпкерлердің санитарлық ереже­лерді сақтауын қадағалау мақсатында жұмысшы топ бұл жолы қаланың орталық көшелерін аралады.

Қала әкімдігі жанына құрылған жұ­мысшы топ қала тазалығына баса мән беруде. Бақылау шарасында сауда орта­лықтары, тұрғын үйлер, кәсіпкерлік ны­сан­­дардың санитарлық ахуалын бағам­дап, мәселені дер кезінде шешуге бағытталады. Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ың­ғайлы жағдай жасау,  қала көшелерінің көрінісін жақсарту, қаланың көркеюіне үлес қосу рейдтік іс-шараның басты мақсаты.

Аралау барысында А.Пуш­кин, Ж.Қизатов, Т.Жүргенов, Ғ.Мұратбаев көше­сіндегі сани­тарлық талаптарды сақта­маған кейбір тұрғындарға ескерту берілді. Құрылыс қалдықтарын жол бойында қалдыру, көше аумағын ластау әрекеттері анықталған азаматтарға әкім­шілік шара қолданылатыны ескертілді. Жұмысшы топ бақылау барысында азаматтарға қаланың көрінісін жақсартуға жауапты екенін түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар арқылы қоғамда санитарлық талаптарды сақтау маңызды­лығы артады. Сонымен бірге тазалық мә­дениеті қалыптасатыны белгілі. Жұмыс­шы топтың түсіндірме, ескерту шаралары арқылы қаланың көркі мен тұрғындардың өмір сапасы жақсарады.

– Қала әкімдігі жанына құрылған жұмысшы топпен бірге қала көшелеріндегі санитарлық талапта сақтамаған тұрындарға ескерту жасалды. Абаттандыру қағидасын бұзған 12 нысан бойынша түсіндірме жұмыс және 2 нысанда полиция қызметкерлерімен бірге хаттама толтырылды. Қала тазалығын қамтамасыз ету үшін рейд жұмысы алдағы уақытта әлі де жалғасады, – деді қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің маманы Сауран Айдосұлы.

Тазалық сақтамағандарға ескерту берілді

Қала әкімдігі тұрғындар мен кәсіп­керлерді санитарлық тазалыққа көңіл бөлуге шақырады. Қалада құрылыс жүр­гізіп жатқан, алдағы уақытта жоспарлап жатқан азаматтарға абаттандыру қағида­сын бұзбауды ескертті. Рейдтік іс-шара­лар жүйелі түрде өткізіліп, шаһардағы санитарлық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау көзделіп отыр.

Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: