«Қала күні» мерекесі аясында өткен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде дәстүрлі «Үздік аула» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Шаһарды жасыл-желекке айналдыруды мақсат тұтқан байқауға қала тұрғындары өз үлесін қосып келеді. 2018 жылдан бастау алған шараға қала тұрғындарының қызығушылығы жылдан-жылға артып келеді.
Айта кетейік, биыл сегізінші мәрте ұйымдастырылған «Үздік аула» байқауына қатысуға оннан аса тұрғын өтінім білдірді. Байқау үздіктерінің ішінен З. Шүкіров көшесі, №100 Г үйдің тұрғыны Сәлима Көптілеуқызының ауласы жеңімпаз атанып, 200 мың теңге қаржылай сертификатқа ие болды. ІІ орынды (150 мың теңге қаржылай сертификаты) Қорқыт ата көшесі, № 239 үй тұрғыны Зайнап Бакирқызы иемденсе, ІІІ орын (100 мың теңге қаржылай сертификаты) – Әйтеке би көшесі, №27 үй тұрғыны Валентина Алексеевнаға бұйырды.
«Бірлігі жарасқан аула» номинациясымен Байсейітова көшесі, №100 тұрғын үй тұрғыны Светлана Анатольевна, «Еңбекқор бағбан» номинациясымен «Шұғыла» шағын ауданы, № 27 тұрғын үй тұрғыны Күлзираш Әлібекқызы және «Әсем аула» номинациясымен «Шұғыла» шағын ауданы, №30 тұрғын үй тұрғыны Гүлсім Мәлікқызы марапатталды. Марапат иелеріне 70 мың теңге қаржылай сертификат табысталды.
Сондай-ақ салтанатты шарада Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де марапатталып, қала әкімінің Алғыс хатымен 70 мың теңге қаржылай сертификатқа ие болды.
Айта кету керек, жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2025» тақтайшасы орнатылды.
Көпқабатты тұрғын үй ауласын өз еңбектерімен жасыл-желекке айналдырып, сүйікті қаламыздың көгалдануына белсенді үлесін қосып жүрген барлық қатысушылар құрметке лайық.
Г. АСҚАРҚЫЗЫ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!