Ережесі
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына орай «ТЕҢІЗ ТЕКТІ ТҰЛҒА» атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді.
Байқау қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
- Байқаудың мақсаты:
– Ұлт тарихын түгендеп, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен жазушының ғибратты ғұмырын, шығармашылығын насихаттау;
– Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бекзада болмысын, өнегелі өмір жолы мен даналығын жастарға үлгі ету;
– Әлем таныған Әбе туралы естеліктер мен ойлы оқиғаларды, мазмұнды материалдарды жинақтау;
– Жазушы-журналистер арасындағы шығармашылық байланысты арттыру. - Байқаудың шарттары:
– Қаламгерлер додасына еліміздегі барлық БАҚ журналистері мен жазушылар қатыса алады;
– Додаға әртүрлі жанрдағы шығарма ұсынуға болады. Материал бағытын қаламгер өзі таңдайды;
– Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
– Байқауға қаламгер бір шығарма ғана ұсына алады;
– Материалдың көлемі 7-10 бет. Шығарма 10 беттен асып кетпеуі тиіс;
– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;
– Байқауға қатысушы тілші өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyn_gazeta@mail.ru электронды поштасына немесе 8-705 824 74 32
WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді. - Байқаудың мерзімі:
– Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 15 қазан күні тоқтатылады;
– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады. (Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады);
– Іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;
– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-қа жарияланады. - Байқаудың қазылар алқасы:
– Қазылар алқасы қазақ прозасында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;
– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді. - Байқау бәйгесі:
– Бас бәйге – 300 мың теңге;
– Бірінші орын – 200 мың теңге;
– Екінші орын – 150 мың теңге;
– Үшінші орын – 100 мың теңге;
– Ынталандыру – 10 адамға 20 мың теңгеден беріледі.
Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін. - Байқау жеңімпаздарын марапаттау Арал қаласында өтеді.
Ұйымдастыру комиссиясы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!