Құрметті кәсіпкерлер мен қала тұрғындары!
«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 21-бабына сәйкес, деректемелер мен көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде орналастырылуы тиіс.
Көрнекі ақпарат мәтіндерінің орналасу тәртібі заңмен нақты белгіленген:
Мемлекеттік тілдегі мәтін – сол жақта немесе жоғарыда;
Орыс тіліндегі мәтін – оң жақта немесе төменгі бөлікте;
Екі тілдегі мәтін де бірдей өлшемдегі әріптермен жазылуы керек.
Қажет болған жағдайда өзге тілдерге аударуға болады, алайда қаріп өлшемі нормативтік талаптардан аспауы тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 729-бабына сәйкес тіл заңнамасының сақталуын бақылау және әкімшілік шаралар қолдану өкілеттігі жергілікті атқарушы органдардың тілдерді дамыту бөлімдеріне жүктелген.
Осыған орай, қаладағы барлық кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға шақырамыз.
Мемлекеттік емес ұйымдар маңдайша, жарнама, хабарлама, прейскурант, баға көрсеткіші, ас мәзірі, нұсқағыш және өзге де көрнекі ақпаратты орналастырмас бұрын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен тегін кеңес алуға болады.
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің байланыс нөмірі
Байланыс: 27-77-55
Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, 21
(А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің 2-ші қабаты)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!