Дүйсенбі, 25 қараша, 03:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Титовтағы түйткіл шешіледі

27.08.2024

185 0

Шет аймақтағы ағайын шет қалмайды. Биыл облыс әкімінің қолдауымен «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бағдарламасы аясында құны 7,9 млрд теңгені құрайтын 30 жоба жүзеге асырылуда.

Дәуіт Сұлтанбекұлы бұл мекенде он жылдан бері тұрады. Көпбалалы отбасының отағасы. Жары Гүлмира екеуі Құдай берген төрт перзентті өсіріп, осы Титов шағын ауданында тұрып жатыр. Әрине, әдепкіде орталықтан әжептәуір айырмашылық болатынын айтты. Бірақ уақыт өте келе өркениетке қадам басқанына қуанышты.

– Қаланың шеті екені рас. Көп жерде орталықтан тысқары болған соң өркениеттің дәмі кеш келетін. Кейінгі уақытта шет аймақты шеттетіп жатқан ешкім жоқ. Енді ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылып жатыр екен. Біз қуаныштымыз. Тіршілік нәрінің талапқа сай болғаны жақсы ғой. Бұйырса, сарқырап ағып тұрған әрі таза суды үйден ішеміз деп үміттенемін, – дейді ол.

Ауызсу жүйесін қайта жаңғырту жобасында қаланың шет аймақтарындағы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша Титов шағын ауданында жүргізіліп жатқан жұмыс қарқынды. Аталған аумақтағы тұтынушыларды тұрақты қысымды сапалы ауызсумен қамту мақсатында Әміре Қашаубаев көшесіндегі №2, 29 және Қази Данабаев көшесіндегі №3 көпқабатты тұрғын үйлердің жанында қуаттылығы 1440 текше метр болатын 3 дана ұңғыма бұрғылануда. Құрылыс-монтаж жұмыстары 1 ай уақыт көлемінде үздіксіз атқарылады.

КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢҒЫРды

Шаһарда тозығы жеткен құбырлар қайта жаңғыртылуда. Кәріз жүйелері де бұл қатарда жаңаша күйге еніп жатыр. Биыл аймақ басшысының қолдауымен қаладағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың кәріз жүйелері ауыстырылуда. Бүгінде 13 ау­мақта жүргізілген монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұндай жұмыстар «Шұғыла» шағын ауданында да қарқын алған. Бұл аудандағы көпқабатты 9 тұрғын үй жаңғырту жобасына енгізілді. Одан бөлек, жоспарлы жобалар «Титов» шағын ауданындағы, қалалық мәдени және демалыс паркі аумағындағы, Толыбеков, Әбілхайыр хан көшелеріндегі тұрғын үйлерде де жүзеге асуда. Сонымен қатар №1 емхана мен №23 мектептің сыртқы кәріз жүйелері де жаңалануда.

– Әрине, ешнәрсе мәңгілік емес. Уақытылы ауыстырып, тұрғындарға сапалы жағдай жасалып жатқаны үшін қуаныштымыз. Қыстың қытымыр аязында шала бүлінгеннен жайбарақат жазда осындай тұстарымызды бүтіндеп алғанымыз жөн. Біз тұрғын ретінде қаламыздың кем-кетігінің бүтінделіп жатқаны үшін жауапты орындарға алғыс білдіреміз, – дейді Серікбол Ыбырай.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: