Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 14:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал

03.09.2025

45 0

Өңірде көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында «Түбіртек талап ет – сыйлық ұтып ал!» акциясы жүруде. Мақсат – халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңсыз кәсіпкерлікке тосқауыл қою және салықтан жалтаруға жол бермеу. Осы бағытта Қызылорда қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Бекзат Айтмағамбетов «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығында қала тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесуде Бекзат Айтмағамбетов азаматтардың құқықтық нормаларды сақтауының маңызына тоқталды. Оның айтуынша, әрбір тұтынушы өз құқығын қорғап, сауда жасаған кезде түбіртек талап етуі тиіс.

– Қарапайым мысал дүкеннен сатып алған әрбір тауарыңызға түбіртек талап етсеңіз, сіз өз құқығыңызды қорғап қана қоймайсыз, сонымен қатар көлеңкелі экономиканың алдын алуға үлес қосасыз, – дейді.

Сонымен қатар «Әмиян» қосымшасы барлық тұты­нушыға қолжетімді. Мәселен, мобильді қосымшаның көмегімен кез келген тұрғын сатып алған түбіртегін тіркеп, бағалы сыйлықтарға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Қосымша арқылы тұтынушыларға кэшбэк бе­ріледі, тіпті соңғы үлгідегі Iphone 16 Pro смартфонын ұтып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Ақиқаты сол, кейбір кәсіпкерлер табысын жасырып, мемлекетке салықты толық төлемейді. Ал бұл жағдай бюджетке ғана емес, жалпы халықтың әл-ауқатына кері әсерін тигізеді. Осы ретте мемлекеттік кірістер басқармасы заңсыз кәсіпкерлікке қарсы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Бекзат Айтмағамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері қала тұрғындарынан салықтан жалтаруға және түбіртек бермеуге қатысты 536 шағым түскен.

– Әрбір шағым мұқият қаралады. Алғашқы кезде біз ескерту жасаймыз, ескертуді елемеген жағдайда айыппұл салынады. Егер ол да нәтиже бермесе, кәсіпкер заң алдында жауап береді, – деді Б.Айтмағамбетов.

Түбіртек талап ет те, сыйлық ұтып ал

Акцияға қатысу үшін бар болғаны «Әмиян» мобильді қосымшасын жүктеп, сатып алған түбіртекті сонда енгізу жеткілікті. Осы арқылы тұтынушы әрі өзінің құқығын қорғайды, әрі бағалы сыйлықтарға қатысу мүмкіндігін иеленеді. Айта кету керек, акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал қорытындысы 25 қазанда жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталмақ. Жүлде қоры ауқым­ды болғандықтан, әрбір тұр­ғынға мүм­кіндік мол. Мем­лекеттік кірістер басқармасының мәлі­­метінше, акция бас­талған шілде айы­­нан бері тұрғындар белсен­ділік та­нытып, қосымшаға тү­бір­тек­тер  енгізіл­ген. Бұл халық­тың құқықтық мә­де­ниетінің бір­тіндеп қалып­тасып келе жатқанын айғақ­тай­ды.

Қарапайым ғана түбіртек талап ету – қоғам үшін аса маңызды қадам. Біріншіден, тұтынушы тауардың немесе қызметтің заңды түрде рәсімделгеніне көз жеткізеді. Екіншіден, кәсіпкер табысын жасырмай, мемлекетке салық төлейді.

А.БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: