Сейсенбі, 07 қазан, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76, 2188
07.10.2025
PDF мұрағаты

Түзу жол – сапалы қызмет кепілі

07.10.2025

121 0

Қызылорда қаласы бүгінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, халық сұранысын қанағаттандыру жолында жасампаз жобаларды жүзеге асыруда. Атап айтсақ, соңғы жылдары облыс орталығында жол инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды тірлік атқарылуда. Қуантарлық жайт, Сырдың бас шаһарында жол қатынасына байланысты мәселелер шешімін тауып, жыл өткен сайын жақсарып келеді. Биыл да қаламызда басты жолдар мен көшелердің аясын кеңейту қарқын алды.

Байыпты бастамалардың бірі – Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында жүргізілуде. Жобаның бірінші кезеңі бойын­ша жағалау аймағы абаттандырылып, серуендеуге қолай­лы инфрақұрылым жасалды. Даңғыл тек инженерлік тұрғы­дан емес, эстетикалық жағынан да көркейе түсті. Жол жиегі түрлі-түсті бояулармен көмкеріліп, көз тартарлық суреттермен безендірілген еді. Бүгінде бұл даңғыл жол шаһар шырайын келтіріп тұр. Қазіргі уақытта Тәуелсіздік даңғылын жаңғыртудың екінші кезеңінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ұзындығы 2,867 шақырым, ені 14 метрлік төрт жолақ болып кеңейтілді. Сонымен қатар даңғыл бойынан ені 6 метрлік жаяу жүргіншілер және велосипед жолдары салынуда. Құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС атқаруда.

Айта кетейік, биыл жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. Осы жұмыстардың нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті.

А.АЙТЖАНОВА

Түзу жол – сапалы қызмет кепілі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: