Сенбі, 19 сәуiр, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

19.04.2025

116 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бүгінде Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналған. Соңғы 2 жылда мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың арқасында аймақтың тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны рекордтық көрсеткішке жетті. Нәтижесінде аймақта халықтың әлеуметтік осал топтарында тұрғын үймен қамтамасыз ету республикада 2-ші орынға шықты.

Мәселен, 2022-2023 жылдары 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген. Ал өткен жылы бюджет есебінен және жеке салушылардан дайын пәтерлер сатып алуға 40,3 млрд теңгеге 2 500-ден астам пәтер табысталып, 10 мыңнан аса тұрғын баспанаға қол жеткізді.

Биыл халықты баспанамен қамту үшін 292 пәтер сатып алуға қаражат бөлінген. Оның ішінде наурыз айында Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үй беріліп, одан бөлек апатты деп танылған 135 отбасы жаңа баспанаға ие болған еді.

Қазіргі уақытта қаланың сол жағалауында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. БАҚ өкілдері құрылыс басына барып, ішкі және сыртқы жұмыстарымен танысты. Мұндағы 9, 7, және 5 қабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды. 5 қабатты жеті тұрғын үй 280 пәтерді құрайды. 64 пәтерлі 2 тоғызқабатты үйді жаз айларында аяқтау жоспарланған. Мердігер – «Мелиоратор» ЖШС. Құрылыс  2024 жылы басталған.

– Соңғы жылдары Сыр өңірінде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, қала аумағы әлдеқайда кеңейді. Бұған дейін де мемлекеттік бағдарламалар аясында тапсырылатын үйлермен қатар жыл сайын баспанасы апаттық жағдайдағы тұрғындарға арналған үй құрылысы қатар жүргізіліп келеді. Қала бойынша биыл барлығы 400 пәтер ипотекалық тұрғын үйлерден, 1401 пәтер осал топтағы және 135 пәтер баспанасы апатты жағдайдағы тұрғындар үшін пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Қажетті қаржы республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген. Құрылыс жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде.  Тұрғын үйлердің сапалы болуы жіті бақылауда. Соңғы үлгідегі құрылыс материалдарын қолдануды қадағалаудамыз. Тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін ішкі және  сыртқы абаттандыру жұмыстарына мән бердік. Ауызсу, кәріз су жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта балалар ойын алаңы да салынады, – деді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Жеңіс Файзуллаев.

Айта кетейік, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің бірі – тұрғын үй құрылысының көбеюі десек қателеспейміз. Сыр өңірінде мұқтаж отбасыларды, көпбалалы аналарды баспанамен қамту мәселесі қай кезде де назардан тыс қалған емес. Баянды бастамалар алдағы уақытта да ел әлеуетін көтеруге дәнекер бола бермек.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: