Екі қолға бір күрек тапсам деген ниет, тұрғын үй алу жолдары, жол, жарық мәселелерін айтып келген тұрғындардың мұң-мұқтажын қала әкімі Нұржан Ахатов жеке қабылдауда тыңдады. «AMANAT» партиясының қалалық филиалы ғимаратында өткен жеке қабылдауға қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев және қалалық полиция басқармасының бастығы Дәулет Беркімбаев та қатысты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына негізделген қабылдауда 40-қа жуық азаматтың өтініші қаралды. Көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандар және жұмыссыз жүрген азаматтар көкейде жүрген мәселелерін айтты. Елдің басым бөлігін тұрғын үй алу, жол, көше жарығы және жер кезегі тақырыптары толғандырады. Қабылдауға келгендердің де басым көпшілігі осы мәселелерді жеткізді.
Шаһар басшысы Нұржан Сәбитұлы көтерілген мәселелерге жауап беріп, шешу жолдарын қарастыруды жауапты басшыларға тапсырды. Ал қалалық мәслихат төрағасы мен қалалық полиция басқармасының бастығы қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме берді.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!