Сенбі, 09 тамыз, 14:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59,2172
09.08.2025
PDF мұрағаты

Туған жерге тағзым еткен ақын

09.08.2025

40 0

Мақпалкөл ауылдық округінде ақын, «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі, белгілі журналист, туған жерінің тұғырын биіктетіп жүрген танымал қаламгер Гауһар Қожахметованың «Мақпалкөлдің аспаны» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тағылымы терең, рухани мазмұны зор бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, облыстық мәслихат депутаты Әмірбек Шаймағанбетов, «Сыр медиа» ЖШС директоры Марат Аралбаев, өңірлік БАҚ өкілдері, зиялы қауым мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында аудан әкі­мінің орынбасары Ғани Сүлей­менов Гаухар Асқарқызын 60 жасқа толған мерейлі мерейтойымен және жаңа туындысының жарық көруі­мен құттықтап, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын жеткізіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев Қызылорда қаласы әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтауын табыстады.

«Мақпалкөлдің аспаны» кітабы – туған жерге деген сағыныш пен құрметтің, ұлттық рух пен сыршыл сезімнің көркем туындысы екенін жеткізген зиялы қауым өкілдері жинақ көпшілік оқырманға ой салып, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосатын шығарма ретінде бағалады.

Рухани шара барысында жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, жиынға қатысушыларға сыйға берілді. Жақында 60 жасқа толған ақынның ауылға барып шығармашылық кеш өткізіп, туған жерге тағзым етуі кейінгі буынға үлгі боларлықтай тағылымды іс.

Туған жерге тағзым еткен ақын

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: