Жексенбі, 01 маусым, 23:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Тырысқақ (холера) – қандай ауру?

31.05.2025

181 0

Қызылорда облысы тырысқақтың эпидемио­логиялық қауіптілігін құрайтын кешенді факторлар бойынша  I типті аумағына жатады.

Тырысқақ – аса қауіпті карантинді, жедел жұқпалы ауру.

Тырысқақ ауруы – қоздырғыштың ауыз қуысы арқылы адам ағзасына еніп, жұғатын жедел жұқпалы ішек ауруы. Ол ағзадағы  су-тұз, белок алмасуының бұзылуымен ағзаның сусыздануымен сипатталады.

Аурудың жұғу жолдары: дертке шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болып, оның заттарын қолданғанда, жеке бас гигиенасын сақтамаудың салдарынан, инфицирленген суды қолданғанда немесе сол суда шомылу кезінде суды жұтып қойған жағдайда, көкөністерді жумай пайдаланғанда және ластанған қол арқылы ауыз қуысына қоздырғыштың ағзаға түсуімен таралады.

Тырысқақтың қоздырғышы суда, ашық су қойма­ларында, тағамдарда бірнеше айға дейін сақталады.

Аурудың жұғу көздері: тырысқақпен ауырған науқас дер кезінде емделмесе немесе  жасырын түрі болғанда  қоршаған ортаға ауру адамның нәжісі, құсығы арқылы таралып кетуі мүмкін.

Ауру аяқ астынан басталады. Іштің өтуімен, ауырсынбай күріш суы түрінде, жиілігі тәулік бойы бірнеше мәрте өтіп, артынан құсық қосылады. Ағзаның сусыздануы басталады. Жағдайы нашарлап, әлсіздік, шөл, ауыз қуысы құрғап,  денесі мұздайды.  Уақытылы ем қолданбаса өлімге соқтыруы мүмкін.

Есте сақтаңыздар! Тырысқақ ауыруымен ауыр­мау үшін:

– әрбір адам жеке бас гигиенасын қатаң сақтауы керек;

– жеміс-жидек пен көкөністерді тағамға қолданар алдында міндетті түрде жуу,  қайнаған сумен шаю, суды және сүтті тек қайнатып ішу, тағам өнімдерін шыбындардан сақтау, қолды сабынмен жуу, күдікті не көшеде сауда жасайтын адамдардан тағам және су сатып алмау керек;

– арнайы дүкендерден таза, барлық санитарлық талаптарды сақтаған сауда орындарынан тағам және сусындарды сатып алған абзал;

– су көздерін әртүрлі ластанулардан сақтау керек;

– барлық қоқыстарды салатын шелектердің, ыдыстардың беті тығыз жабылғаны дұрыс және де қоқыстарды жинайтын орындарды жүйелі түрде залалсыздандырып отыру қажет.

Адам ауырған жағдайда немесе ауруға күдік туған жағдайда тез арада дәрігер көмегіне жүгініп, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулану керек.

Назерке Оңғарбаева

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының дәрігер-бактериологы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: