Сейсенбі, 10 ақпан, 01:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11 (2223)
10.02.2026
PDF мұрағаты

«Ұлағаттың»  ұлағатты ісі

10.02.2026

41 0

Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі жанынан ашылған «Ұлағат» ансамблі бүгінде өнерсүйер қауымға танылып үлгерді.  Түрлі жастағы өнерпаз ардагерлер қалада өткізілген түрлі мәдени іс-шарада  өнер көрсетіп, көрерменнің разылығына бөленіп жүр.

Ансамбль жетекшісі Балқия Құрмашова жасы 80-ге жақындаса да өзінің ізденімпаз, іскерлік қабілетімен ерекшеленіп, өнер өлке­сіне танылған жан.

Кезінде талант иесі отбасылық ансамбль­мен бірге Алматыда өнер көрсетіп, теледи­дар мен  радиода терме айтып, халыққа кеңі­нен танылған. Өнер жанашыры қарттығына қарамастан бүгінде  «Ұлағат» ансамблінің жетекшісі.

– Ансамбль құрамында жырау, термеші, жыршы қармақшылық Қасарбек Кәрібаев, композитор Керекжан Құлмырзаев компози­тор, өнерлі  ерлі-зайыпты Дастан Тұрсынбаев пен Балмекен Нұрділдаева бар.

«Ұлағаттың»  ұлағатты ісі

Мәдени іс-шараны жүргізу үшін де үлкен талант, актерлық шеберлік қажет. Концерт жүргізуші Ізімкүл Төребайқызы көрерменін жалықтырмайтын ізденгіштігімен ерекше­ленеді. Бұрын теміржол санаторийінде көркем­өнерпаздар тобына жетекшілік жасаған өнер иесінің өзі де ән айтып, би билеп, айналасына шуақ шашқан жан.

Ардагер-ұстаз Гауһар Қарғабекова  кезін­де «Нұргүл» ансамблінің мүшесі болып, «Алтыбақан» телебағдарламасына түсіп, 1976 жылы ансамбль құрамымен Германияда гастрольдік сапарда болып, қазақ өнерін паш еткен  өнер майталманы.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: