Бейсенбі, 26 желтоқсан, 06:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұлттық дәстүрді дәріптеген мереке

16.03.2024

591 0

Көрісу күні мерекесі күн мен түннің теңелген тұсында қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын керемет күн.

Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады. Жақын адамдар бір-біріне саулық тілейді. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүр. Яғни бұл күн көктемге аман-сау жеткен халықтың тілек айтып, бір-бірімен қауышатын сәті. Көрісу күнінде адам адаммен, жыл жылмен көрісіп, мәре-сәре болады. Имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке үлкен мен кіші арасында сыйластық, сыпайылық орнатады.

Осындай мұсылман халқының ұлық мерекесіне орай «Достық» аллеясында салтанатты шара өтті.

Ізгілікке толы салтанатты шараға қала әкімі Серік Қожаниязов қатысып, көпшілікті Амал мерекесімен құттықтады.

– Ұлт ойшылы Мәшһүр Жүсіптің өзі 14-ші наурызды көктемнің алғашқы күні деп, «Наурызнама» мейрамының тойлануын жазған. Бізде де биыл еліміз бойынша 14-23 наурыз аралығында Наурызнаманың онкүндігі аталып өтіледі. Осы уақыт аралығында әр күнге ерекше атау беріліп, салтдәстүріміз, әдет-ғұрпымыз жан-жақты дәріптеледі және ол дәстүрге айналады. Міне, бүгін сол дүбірлі тойдың беташар сәті» – дей келе, «Оразамыз қабыл болып, Амалдан амалға аман-есен жете берейік!» – деген тілегін жеткізді.

Бұл шараға қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты басқармасының төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев және қала ардагерлері арнайы қатысты.

Бүгінгі мерекелік мезіреттің ерекшелігі ұлттық нақышпен өрнектелген киіз үй тігіліп, қонақтарға қазақы дәстүрмен ұлттық дәм ұсынылды. Ұлттық құндылықты дәріптейтін ойын ойнап, бір топ жігіттер мереке көркін кіргізді. Кимешек киген кейуаналар мен сәні мен салтанаты жарасқан жастар сызылта ән салды. Көктем көркі тал отырғызу рәсімі өтті.

Өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қатар бүлдіршіндердің тұсауын кесу рәсімі жасалып, қала әкімінің атынан қос бөбекке тарту-таралғы жасалды. Қоғам қайраткері Болатбек Пұсырман батасын берді.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: