Жұма, 27 желтоқсан, 07:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұсынылған жобалар жан-жақты зерделенуі қажет

06.08.2024

234 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен шағын өндірістік жобаларды жүзеге асыру бойынша мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен жауапты сала басшылары қатысты.

Айта кету керек, кешегі жиында аймақ басшысы нақты, пайдалы, қажетті жобаларды жан-жақты сараптан өткізіп барып ұсынуды тапсырды. Өйткені әрбір жобаның артында елдің көретін жемісі мен халыққа қолайлы жағдай жасау мақсаты болу керек.

– Қала, аудан әкімдеріне шағын өндірістік жобаларды ұсыну жөнінде тапсырма берілді. Оларды жан-жақты зерделеп, нақтылаңыздар. Жұртшылықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті, пайдалы тиімділеріне қолдау көрсетуге дайынбыз. Жобаларды «Ауыл аманаты» бағдарламасымен және «Байқоңыр» ӘКК арқылы қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізіңіздер. Бұдан бөлек, қала, аудан әкімдеріне негізгі тұтыну тауарларының 65 түрі бойынша көрсеткіштерді қалпына келтіру жөнінде тапсырма бердім. Бұл тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуы жеке бақылауымда болады, – деді Н.Нәлібаев.

Биылға «Ауыл аманаты» бойынша республикалық бюджет есебінен 4,6 млрд теңге қаралған. Орта есеппен 8 млн теңгеден алғанда 575 жобаны қаржыландырып, 610 жұмыс орнын ашу көзделген. Жалпы облыс бойынша 154 жобалық топ құрылып, 146 ауылдық округте скрининг жүргізілді.

Бағдарламаға барлық елді мекенді бірдей қатыстыру үшін халық санына қарай ауылдық округтерді түгел қамту жоспарлануда. Ауылдардың мамандануын ескере келе, несие қаржысы 4 бағытқа бағытталады. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына 108 жоба, егіншілік саласына 81, мал шаруашылығына 123, басқа да түрлі бағытқа 263 жоба бөлінбек.

Бүгінде «Ауыл аманатының» жобалар пулы қалыптасып, қаржыландыру күтілуде.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: