Сенбі, 28 желтоқсан, 10:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Уран өндірісіндегі хакатон өтті

21.09.2024

337 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде отандық, шетелдік ғалымдар мен ғылыми-зерттеу институттарының зерттеушілері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми-технологиялық хакатонда бас қосты. Онда еліміздегі тау-кен өнеркәсібінің өзекті мәселелері талқыланды. Жиында 6 топтан тұратын ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өнеркәсіптік кластердің 25 өндірістік тапсырмасын шешумен айналысты. Арнайы құрылған топтарда бірлесіп, сарапшылар нақты нәтижеге бағытталған технологиялық ұсыныстар әзірледі. Ғалымдар мен өндіріс өкілдері уран өндірісінің ерітінділерінен сирек кездесетін металдарды алу және байыту бойынша бірегей технологияларды, жерасты шаймалау кезінде сирек жер металдарын қосымша өндіруді, газ тазарту ерітінділерін қайта өңдеуді, оның ішінде «дымқыл» тазартуды болдырмауды зерттеді. Ғалым Еркін Бектай сирек кездесетін металдар тақырыбымен жұмыс істеген топтың құрамында болып, өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, ғылыми қауымдастық нақты өндірістік міндеттерді шешуге кең көлемде алғаш рет топтасып отыр. Сөз кезегінде ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки қазақ ғылымының дамуына байланысты өз ойын білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашу үшін жүйелі қадам қажет екенін айтты. Ғалымдар мен өндірісшілердің симбиозы осы бағыттағы құралдардың бірі. Бүгін біз үшінші рет хакатон өткізіп отырмыз. Ол ғалымдар мен өндірісшілердің күш-жігерін біріктіріп, нақты технологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Мұндай ғылыми-инновациялық форматтар елдегі ғылымның коммерциялануы мен технологиялық прогресстің негізі болып табылады, – деді вице-министр. Хакатон қатысушылары мұнан соң «Қызылқұм» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС кен орындарына барды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: