Сенбі, 05 шiлде, 06:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№49,2162
05.07.2025
PDF мұрағаты

Запастағы  офицерлер назарына!

05.07.2025

51 0

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32 бабына сәйкес  2  жылға  әскерге  шақыруға:

– медициналық мамандықтар (жалпы дәрігерлік тәжірибе)

– мотоатқыштар әскері;

– қаржылық қамтамасыз ету;

– артиллериялық әскерлер ма­ман­дықтары бойынша

29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен 32 жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлерін әскери қызмет өткеруге іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда көрсетілген маман­дығы бар запастағы офицерлер  Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (горвоенкомат),  Шүкіров көшесі 101 А үй, №127 кабинетке, тел: 24-50-22, 87780726857 хабарласу­ларыңызға  болады.

Әлеуметтік кепілдіктер:

– медициналық мекемелерде медициналық қамтамасыз  ету  мем­­лекет  есебінен  жүзеге  асы­рылады;

– киім-кешекпен жабдық­тау нормалары;

– тұрғын үйді жалға алғаны үшін кепілді өтемақы;

– офицерлердің ақшалай үлесі;

– көтерме жәрдемақы, үсте­ме және басқа да әлеуметтік кепілдіктер  қарастырылған.

Запастағы сержанттар мен сарбаздарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырамыз!

Әскери қызметтің мүмкіндік­тері мен артықшылықтары:

1. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер ақшалай жалақымен  қамтамасыз етеді. (лауазымына, әскери шеніне және еңбек сіңірген жылдарына байланысты).

2. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерін  әскери  медициналық мекемелерде медициналық қамта­масыз  ету  мемлекет  есебінен  жүзе­ге  асырылады.

3. Мемлекет есебінен белгі­ленген нормаға сәйкес, заттай мүлікпен (киім үлгісі) қамтамасыз етіледі.

4. Тұрғын үйді жалға алу қара­жаты кепілді түрде төленеді.

5.  Кезекшілікті  атқарған кезде, далалық шығуларда, ұшуларды      дайындау және орындау кезінде, әскери эшелондарға ілесіп  жүру кезінде, стационарлық емделуде болған кезде, т.б. белгіленген нор­малар бойынша тамақтанумен қамтамасыз етіледі.

6. Жыл сайынғы негізгі дема­лыстары, демалыстың  ұзақтығы еңбек сіңірген жылдарына байла­нысты белгіленеді.

7. Еңбек өтілі бойынша зей­нетке шығу.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын азамат­тарға қойылатын талаптар:

– Қазақстан Республикасы аза­маттығына ие болуға;

– Жас мөлшері он сегізден отыз екі жас және алты айға дейінгі болуға;

– әскери лауазымына сәйкес әскери есептік мамандығы болуға;

– мерзімді әскери қызметті өткерген не жоғары оқу орын­да­рының әскери кафедрасынан оқудан өткен, Қорғаныс министр­лігінің әскери оқытылған резерв­ті даярлау бойынша мамандан­дырылған ұйым­дарында әскери даярлықтан өткен болуға тиіс.

Ниет білдірген азаматтар   Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (горвоенкомат), Шүкіров көшесі 101 А үй,

№127 кабинет,  тел: 24-50-22, 87780726857 хабарласу­ларыңызға  болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: