Сәрсенбі, 08 қаңтар, 07:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді?

07.01.2025

268 0

Елімізде жаңа жылдан бастап барлық әлеуметтік төлемнің көлемі артты. Атап айтсақ, зейнетақы 8,5 пайызға өссе, балаларға арналған жәрдемақылар да шамамен 6,5 пайызға көтерілген.  Мәселен, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 1 қаңтардан бастап – 3 932 теңге деп есептеледі. Ал 46 228 теңге ең төменгі күнкөріс шегі деп бекітілді. Сондай-ақ ең төменгі жалақы 85000  теңге болып бекітілген.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жыл­дан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 %-на дейін, ең жоғары – 120 %-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен көбейту жалғасады.

Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылды. Бұл мөлшер 32360 теңгені құрап, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110%-ға дейін арттырылып, 50851 теңгені құрайды. Нақты айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері – 62771 теңге болды. Базалық зейнетақы 28215 теңгеден 32360 теңгеге өседі. Биылға республикалық бюджеттің біршамасы белгіленген. Әлеуметтік төлемдердің 42 түріне 6 трлн теңгеден астам шығыс көзделген. 2024 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға өседі.

Өткен жылдың есебі бойынша, елімізде 2 млн 400 мыңнан астам зейнеткер бар екен. Оларға 2024 жылы республикалық бюджеттен 3,5 трлн теңгеге жуық зейнетақы төленді. Оның ішінде, базалық зейнетақыға 1 трлн 82 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 355 млрд теңге бөлінген. Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңгеге жеткен.

Жылан жылы көпбалалы аналар үшін жағымды жаңалықтармен басталмақ. Елімізде жәрдемақы мөлшері артып, балалар несібесі арта түспек. Бұл жаңалық төрт және одан да көп баласы бар аналарды қуантқаны рас.

Бала туғанда және бала күтіміне төленетін жәрдемақыға тоқталып өтсек,  елімізде заң бойынша үшінші балаға дейінгі жәрдемақының нақты көлемі белгіленген. Ал төртінші баладан бастап оның мөлшері артады.

бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК  – 149 416 теңге; төртінші баладан бастап 63 АЕК – 247 716 теңге төленеді.

Ал егіз бен үшем туған жағдайда әрбір баланың төлемі бөлек есептеледі. Одан кейін 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған жәрдемақылар төленеді. Мәселен,  бірінші балаға 5,76 АЕК – 22648 теңге; 2-ші балаға 6,81 АЕК – 26777 теңге, 3-ші балаға 7,85 АЕК – 30867 теңге; 4-ші балаға 8,90 АЕК – 34335 теңге есептелінген.

Сонымен қатар көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері де бекітілді. Төрт балалы анаға – 16,03 АЕК немесе 63030 теңге, бес балалы анаға – 20,04 АЕК немесе 78798 теңге, алты балалы ана үшін – 24,05 АЕК немесе 94565  теңге, жеті балалы анаға – 28,06 АЕК немесе 110332 теңге,

сегіз баласы бар ана үшін – 32 АЕК немесе 110 400 теңге беріледі. Одан кейінгі балаларға 15728  теңге қосылып отырады.

Сондай-ақ көпбалалы ана наградасын алғандардың жәрдем­ақысы көтеріледі. Атап айтсақ, «Алтын» алқа» , «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» үшін 7,40 АЕК – 29097 теңге беріледі. Ал «Күміс алқаға»  6,40 АЕК – 25165 теңге төленбек.

Айтолқын АЙТЖАНОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: