Сейсенбі, 18 қараша, 01:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Зерттеу аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізілетін дератизация және дезинсекция жұмыстары

18.11.2025

29 0

Адамзат өркениетінің даму тарихы жұқпалы аурулармен, яғни індеттермен тығыз байланысты. Әртүрлі ғасырларда таралған індеттер миллиондаған адамның өмірін қиды, қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымын өзгертті және медицина ғылымының дамуына түрткі болды. Қазіргі таңда бұл аурулармен күресу жолдары едәуір жетілгенімен, жаңа және ескі патогендердің қайта пайда болу қаупі сейілген жоқ. Осыған байланысты елді мекендерде жүргізілетін дератизация және дезинсекция жұмыстары қазіргі таңда өзекті және зерттеуді қажет етеді.

Эпидемиологтардың пайымдауынша, климаттың өзгеруі, урбанизация, жаһандану және биотехнологиялардың қар­қынды дамуы жұқпалы аурулардың таралуына қолайлы орта қалыптастырады. Қазіргі таңда  zoonoz (жануардан адамға жұғатын) аурулар саны артып келеді. Бұл өз кезегінде келесі пандемияның ықтималдығын арттырады.

Қазақстанда да обаға қарсы арнайы эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі. «Обаға қарсы күрес станциялары» елдің әр аймағында жұмыс істейді. Бұл аурумен күресте «антибиотиктер мен алдын алу шаралары» тиімді нәтиже беріп келеді. Дегенмен, оба жұқтыру қаупі мүлде жоқ деуге болмайды, әсіресе табиғи ошақтарда аңшылықпен немесе кеміргіштермен байланыста болған адамдар үшін қаупі жоғары.

Қызылорда облысы станциясында дератизация және дезин­секция жұмыстары үздіксіз ерте көктемде және күз айларының соңында жұмыс жасалып отырады. Дератизация және дезинсекция жұмыстарын арнайы дайындықтан өткен мамандар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай жүргізеді. Қолданылатын химиялық препараттар санитарлық ережелермен бекітілген нормаларға сәйкес таңдалып, тұр­ғындардың, балалардың және үй жануарларының қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Елді мекендерге станция мамандары жылдық жоспарға сәйкес жылына екі рет және обаның табиғи ошағында орна­ласқан елді мекендерге, халық көп шоғырланған жерлерге, вахталық қыстықтарға, малшылыр тұрақтарына  маусымдық (көктем және күз) эпизоотологиялық зерттеу жұмыстары  кезінде жабық стация жұмыстарын жүргізеді.

Елді мекендерде дератизация және дезинсекция жұмыс­тары қоғамдық денсаулықты қорғау мен тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде дератизация және дезинсекция жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Бұл шаралар инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының алдын алуға бағытталған. Оба ауруының алдын алу үшін жүргізілетін шаралардың ішінде, әсіресе санитарлық-ағарту жұмыстары өте маңызды орын алады.

Халық арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізген кезде оба ауруының әкелетін қауіп-қатеріне, жұғу және сақтану жолдарына аса көңіл аудару керек.

Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізген кезде мынадай мәселелерге көңіл бөлу керек: даладағы жабайы кеміргіштерден адамдарға оба ауруының жұғу қаупі: үй тышқандары жаз мезгілінде дала кеміргіштерімен қарым-қатынасы арқылы үй тышқандарында  жұқпалы аурулардың болу ықтималдығы жоғары. Үй тышқандарының арасында оба індеті пайда болғанда адамдарды аурудан сақтау үшін оларды шұғыл түрде жоюға кіріседі. Ең алдымен ондай жұмыстар елді мекендердің айналасында жүргізіледі. Міндетті түрде кеміргіштердің бүргелерін және елді мекендегі тышқандар мен бүргелерді бір уақытта жою. Кеміргішермен бүргелерді  бір уақытта жою шаралы толық кепіл бола алмайды. Себебі обаның табиғи ошақтары алуан жерді алып жатыр. Обаның табиғи ошақтарында аурудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар және олардың көлемі барлық жерде бірдей емес. Ол табиғи  ошақтың ерекшелігіне, жыл кезеңіне, індеттің қарқынына және оның әкелетін эпидемиологиялық қауіп қатеріне тығыз байланысты.       

Дератизация – кеміргіштермен (тышқан, егеуқұйрық және т.б.) күрес жүргізу шараларының жиынтығы. Кемір­гіштер – адам мен жануарларға қауіпті көптеген жұқпалы аурулардың (оба, туляремия, лептоспироз, сүзек және т.б.) табиғи тасымалдаушылары. Дератизация жұмыстары екі бағытта жүзеге асырылады.  

Профилактикалық дератизация – кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу, яғни аумақты таза ұстау, қоқыс пен азық-түлік қалдықтарын уақытылы жою, ғимараттардың саңылауларын бітеу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау.

Жойғыш дератизация – улы заттар (родентицидтер), тұзақтар мен механикалық құралдарды пайдалану арқылы кеміргіштерді тікелей жою.

Дезинсекция – жәндіктермен (шыбын, маса, бүрге, кенелер, тарақан және т.б.) күрес жүргізу шаралары. Бұл зиянкестер де түрлі жұқпалы ауруларды (іш сүзегі, дизентерия, безгек, туляремия, бөртпе сүзек және т.б.) таратады.

Дезинсекциялық жұмыстардың негізгі түрлері.

Профилактикалық – жәндіктердің көбею орындарын жою, қоқысты уақытылы шығару, судың тоқырауына жол бермеу;

Жойғыш – арнайы инсектицидтер мен физикалық әдістер (жарық тұзақтары, бу мен жоғары температура) арқылы жәндіктерді жою.

Елді мекендерде дератизация мен дезинсекция сани­тарлық-ағарту жұмыстарын жүйелі жүргізу – жұқпалы аурулардың алдын алудың, санитарлық жағдайды жақсартудың және халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды бөлігі. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі тұрғындардың да белсенді қатысуына байланысты.

Р.ШУКУРОВ,

Станция зоологі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: