Сенбі, 23 қараша, 08:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Жаяудың арманы орындалды

12.11.2024

313 0

Бүгінде қалаға шыға қалсаңыз, кез келген сала бойынша құрылыстың қарқынды жүріп жатқанын байқайсыз. Тек қала орталығында ғана емес, шет аймақтың да жолдары жөнделіп, жаңа көпірлер салынып, қалаға қарасты ауылдық округтерді газдандыру жұмысы, тұрғын үйлер құрылысы секілді ауқымды жобалар қолға алынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, жылдар бойы қордаланған инфрақұрылым мәселесін шешу және отандық өндірісті дамытуға қатысты қала аумағында жүзеге асырылып жатқан ілкімді істердің жұмыс сапасын қадағалау басты назарда. Тіпті облыс және қала әкімдерінің өздері де бұл мәселелерді назардан тыс қалдырмай, жан-жақты бақылап отыр. Өйткені атқарылған әрбір іс уақытылы әрі сапалы аяқталып, ел игілігіне берілуі тиіс.

Соның бірі – қаламыздың жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда іргелі істер көпшіліктің көңілінен шығуда. Бұл бағыттағы жұмыстардың бірі болып саналатын, жаяу жүргіншілер жолын салуға  аймақ басшысының қолдауымен 2,3 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 54 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Тіпті қала орталығындағы жөндеуі аяқталған жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жолаушылар алғысын айтуда.

Ұлбосын Айтмұратова, көпбалалы ана әрі зейнеткер:

– Өзім Шымкент қаласында дүниеге келгенмін. Кейін жұмыс бабымен Қызылорда қаласына көшіп келдік. Осы кезде Қызылордаға үйренгеніміз соншалық, туған жеріміздей жақсы көреміз. Айтайын дегенім, қала күн сайын ұлғайып келеді. Оны соңғы жылдардағы қарқынды құрылыс көлемінен байқаймыз.

Алаштың астанасы болған, қос ғасырдан астам тарихы бар шаһарда биыл да қолға алынған жұмыс көп. Осындай ауқымды істі көріп, көңіліміз марқайып жүр. Әсіресе, көшелері кеңейіп, жаяу жүргіншілер жолы салынып, бізге, балаларымызға жаяу жүруге оңтайлы болып тұр, – деді Ұлбосын.

Мақсат Алданазаров, қала тұрғыны:

– Шыны керек, соңғы жылдары қала құрылыс жағынан дамып, жан-жақты жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Сырттан келген меймандардың өздері қаланы көріп, тамсанып кетеді. Өйткені қазір Қызылорда өзгерген, әлдеқайда жақсарған. Тазалығының өзі бір тақырып.

Ал көшелердегі жөндеу жұмысына келсек, еш мін жоқ. Өзім көлікпен жүретін болғандықтан көше сапасына тек жоғары баға беремін. Оған қоса жаяу жүргінші жолдары да жаңадан салынуда. Бұл балаларымызға тиімді болды. Неге десеңіз, кішкентайларға жолдың жиегінде жүру қауіпті. Түзу көше бойымен көліктер зулап жүруде. Сондықтан жаяу жүргінші жолы болса, оқушылар да, жасөспірімдер де сол жолмен емін-еркін жүреді. Біз сияқты ата-аналардың барлығы риза, – деді Мақсат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: