Сенбі, 21 ақпан, 01:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Жалған психолог, коуч, тренерлерге тықыр таянды

21.02.2026

37 0

Бүгінде өзін «психолог», «коуч» және «ментор» деп таныстыратындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткені жасырын емес. Әлеуметтік желі арқылы қысқа курс оқып алып, адам тағдырына араласу дұрыс па? Олардың кәсіби деңгейін кім тексереді? Осы сұрақтар аясында мәжілісте «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Жоба саладағы реттелмеген мәселелерді жүйелеп, психологиялық көмек алатын азаматтарды қорғауға бағытталған.

Соңғы жылдары елімізде психология­лық көмекке жүгінетін адамдар саны артты. Күйзеліс, отбасылық қиын­дықтар, жұмыс орнындағы қысым, жастар арасында­ғы мазасыздық, мұның бәрі қоғамның психологиялық саулығы қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Алайда осы уақытқа дейін психолог қызметін реттейтін, халықтың да, маманның да құқықтарын бірдей қорғайтын дербес заң болмады.

Заң жобасының мақсаты – психологиялық қызметті заңмен бекіту. Егер құжат қабылданса, психолог мәртебесі заңмен айқындалады. Сондай-ақ білі­мі жоқ адамдардың психо­логиялық кеңес беруіне шектеу қойылуы мүмкін. Мамандарды тіркеу, кәсіби этика нормалары мен жауапкершілігі бекітіледі. Азаматтардың құқықтарын қорғау механизмдері күшейе­ді. Психологиялық көмек­ті азаматтардың құқықтары қорғалатын кәсіби сала ре­тінде айқындауды көздейді. Жаңа заң халықты жалған мамандардан қорғаса, екінші жағынан психикалық ден­саулықты сақтау мәселесін мемлекеттік саясат дең­гейіне көтереді. Демек, бұл бастама тек психологтарға ғана емес, қоғамның әрбір мүшесіне тікелей қатысты.

Қазақстан психоаналитик ассоциация­сының мүшесі, тәжірибелі психолог Сәлима Сатылғанқызы қазіргі заманда психологиялық көмектің қаншалықты маңызды екенін айтты.

– Біз мына ақпарат заманында психо­логиялық көмек­тің мәдениетін, сауатын көтеру кезеңінде тұрмыз. Пси­хологиялық қызметті заңмен реттеу маңызды. Саны көп, сапасы жоқ, «мен психологпын» дейтін жандар көп. Адамның жанын нағыз маманға тапсырып, саннан сапаға өту керек. Психолог жоғары білімі бар маман болуы қажет. Тәжірибесі бар, психотерпаевт болғаныма 25 жыл болса да әлі де супервизиялық топқа қатысамын. Себебі адамның жанын емдеу үнемі білімді жетілдіруді қажет етеді. Яғни қанша ғұмыр болса, сонша уақытын ғылым, білімді зерттеуге арнау керек, – деді психолог Сәлима Темірбайқызы

Бүгінде елде психологиялық қыз­мет­ке сұраныс артқанымен, бұл салада жүйелі талап пен нақты бақылау тетік­тері жеткіліксіз. Әлеуметтік желілерде өзін «психолог», «психотерапевт», «коуч» деп таныстыратын, бірақ тиісті білімі мен кәсіби дайындығы жоқ адамдардың көбеюі қоғамда алаңдаушылық туғызды. Мұн­дай жағдайларда психологиялық көмек алушылардың құқықтары қорғалмай, кей­де тіпті олардың психикалық жағдайына зияны ти­ген. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов енді кез келген адам өзін «психолог» деп атай алмайтынын айт­­ты. Түрлі желеу­мен «бақытты өмір сүруді үйретемін» дейтін коучтар мен психологтардың қызметіне шектеу қойылады. «Ол үшін бірыңғай кәсіби стандарт енгізу жос­парланып отыр. Бұл талаптар тек мамандарға ғана емес, пси­хологтарды даярлайтын жо­ғары оқу орындарына да міндетті, – деді депутат.

Заң жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етеді. Құжатта пси­хологтың мәртебесі, біліміне қойылатын талаптар, біліктілікті растау тәртібі және психологиялық көмектің нақты нысандары айқын көрсетілген. Яғни психоло­гиялық қызмет енді бейресми кеңес емес, заңмен реттелетін кәсіби көмек түріне айналмақ.

Жаңа заң ең алдымен қарапайым азаматтардың мүддесін қорғауға бағыт­талған. Психологиялық көмек алушының келісімінсіз ақпарат жариялауға тыйым салу, көмектің ерікті түрде көрсетілуі, қызмет сапасына қойылатын талаптар да заңда қаралған. Ережеге сай, енді барлық психолог біртұтас базаға тіркелуге міндетті болады.

– Ойлап қарасақ біз өзіміздің тәнімізге әр күн сайын көңіл бөлеміз. Неше түрлі витаминдер ішеміз, жүгіреміз, күніне 10 мың қадам жасаймыз, күнге қыздырынамыз. Ал жан саулығы ше? Психолог жан жарасын емдейді. Яғни бұл – рухани салауаттылық. Психологиялық көмекке жүгінген адам алдымен маман туралы зерттеп алған дұрыс. Мәселен тіс емдеу үшін мықты стаматолог сұрастырамыз ғой, сол сияқ­ты психолог маманға жүгінерде жасы, біліміне, лицензиясына назар аудару ке­рек, – дейді психолог Сәлима Сатылғанқызы.

Қазіргі уақытта психолог, коуч айтты деп ажырасып кетіп жатқан отбасылар аз емес. Мұны Сәлима Темірбайқызы  «өзге адамның ойына тәуелділік» деп бағалайды.

– Оларды психологиялық жасы кіш­кентай, тіпті сәби жаста қалып қойғандар деп айтуға бола­ды. Ондай адамдарға із­дену керек. Әр адам өз тағдырының суретшісі. Кәсіби психо­логияда еш­бір маман клиентке «ажырас» деп айтпайды. Қабылдауға келген адам­ның потенциалына, ішкі ойы­на байланысты кеңес береміз.  Әр адам өз-өзін тыңдап, өзі нені қалайтынын өзі шешуі керек, – дейді психолог   

Ал мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов егер әртүрлі коуч, тренер, психолог, курс өткіземін десе, тек арнайы білімі, дипломы болуы міндетті екенін айтты. Басқаларға шектеу жасау керек, дипломсыз маман елді алдап курс өткізетін болса, сотпен ақшасын қайтарып айып­пұл салу қажет екенін айтты.

– Жалған жарна­маға да  жауап­кер­шілік бар. Егер дипломың бол­маса психология курсын өткізсең ол үшін де бөлек жауап­кершілік бар. Курс өткізуге дип­лом бар дейік, бірақ уәде еткен нәтижеге жетпесе,  – курстың ақшасын қайтара­сың. Заңның негізгі мәні осындай, – деді депутат Мұрат Әбенов

Заң жобасында бұл салада жұмыс істейтіндер тек педагогикалық немесе медициналық білімі бар­лар кемінде 900 сағат қайта даярлықтан өткен болуы шарт. Психологтарға медициналық диаг­ноз қою, дәрі тағайындау және сананы өзгертуге әсер ететін әдістерді қолдануға тыйым салы­нады. Сонымен бірге терапия үшін жазбаша келі­сім міндеттеледі. Аудио немесе видео­ға жазу тек клиент­тің рұқсатымен жүзеге асады. Ал жасөспірімдер­ге кеңес беру мектептен тыс және төтен­ше жағдай­дан басқа тек ата-анасы­ның келісімімен жүргі­зіледі. Сонымен қатар психологтар әр бес жыл сайын біліктілігін көте­руге міндетті бола­ды.

Бұл талаптар бір жағынан салаға кез­дейсоқ адамдардың келуін шектесе, екін­ші жағынан кәсіби психолог­тер­­дың еңбе­гін қорғауға және олардың қоғамдағы беде­лін арттыру деп есеп­теуге бо­лады.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: