Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жаңа автовокзал пайдалануға берілді

13.04.2024

1077 0

Кеше қаламыздың сол жағалауында жаңа авто­вокзалдың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып,  тұрғындарды жаңа заманауи үлгідегі авто­вокзалдың ашылуымен құттықтады.

– Енді жолаушылар мен тасы­малдаушыларға барлық стандарт та­лаптарына сәйкестендірілген за­манауи үлгідегі жаңа автовокзал ғимараты қызмет көрсететін болады. Бұл кешен жолаушыларға қызмет етіп қана қоймай, жол қатынасының реттелуіне негіз болмақ. Сонымен қатар мұнда тек автовокзал ғана емес, ірі сауда және қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көр­сету орындары, қоймалар, автокөлік жөндеу цехтары да жұмыс істейді. Бәрі де жолаушыларға қо­лай­лы, қауіпсіз әрі ыңғайлы болады, –  деді облыс әкімі.

Жалпы автовокзалда тәулігіне 55 автобус жолға шығып, 124 рейс ұйымдастырылмақ. Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан және басқа да қалаларға 8 маршрут қатынайды. Сондай-ақ қызылорда­лықтар күн сайын Ташкент қаласына халықаралық рейс арқылы қатынауға мүмкіндік алды.

– Автовокзал керемет, заманауи үлгіде салыныпты. Мұнда жолаушы­ларға да, жүргізуші­лерге де бар­лық жағдай жасалған. Біз Ташкент қаласына жаңа сапаржайдан санау­лы сәттен кейін жолға шығамыз. Жал­пы, бұл рейс күн сайын қарастырыл­ған, – деді автобус жүргізушісі Отабек Саидрасулов.­

Автовокзал ау­мағы 1196,96 шар­шы метрді құрайды, ал сыйымдылығы 200 жолаушыға шақталған. Сон­дай-ақ автобустарға қосымша 30 орынды құрайтын авто­тұрақ ұйымдас­ты­рылған.

Жалпы автовокзал аумағынан 50 ав­­токөлікке арналған автотұрақ көз­делген, оның ішінде 3 орын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.

Алдағы уақытта автобустардың автовокзал аумағына келіп жолаушы­ларды түсіру үшін – 6, ал сапарға шы­ғатындар үшін – 11 перрон жұмыс істейді. Жаңа нысанда жаз мезгілінде 4 мыңға жуық, қыста мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсету жоспар­лануда.

Айта кетейік жаңа нысанда күту залы жолаушылар мен тасымал­дау­шылардың талабына сай жасалған. Яғни онда алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон мен автобустар тұратын алаң болса, одан бөлек  диспетчерлiк пункттер, ана мен бала бөлмесi және асхана мен жүргізушілердің демалатын бөлмесі бар. Сонымен қатар коммерциялық киоскілер, полиция бөлмесі, касса және лифті қарастырылған. Сондай-ақ 15 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады.

Н.МҰҚАТАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: