Көктем шыға үйлі болғысы келетіндер үшін жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Атауы да ұлттық құндылықпен астасып жатыр.
Ақпарат көздерінде елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады деген хабар тарағалы көпшілікте сұрақ көп. Әсіресе «Бұл қандай бағдарлама?», «Баспанасы жоқтарға пайдасы тие ме?» дейтіндер аз емес.
Шынтуайтына келгенде, бұл – бұрын көпшілікке «9-20-25» деген атаумен таныс бағдарлама. Наурыздан бастап «9-20-25» бағдарламасы «Отау» атауымен жүзеге асырылатын болады. Мамандар 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады дейді.
– Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағыттаймыз. Бұл ақша «Отбасы банктің» өз қаражаты есебінен бөлінеді, сондай-ақ Қазақстан қаржы нарығынан да қарыз алып, қаражат тартуды жоспарлап отырмыз. «Отау» бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз, – дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Көктем шыға үйлі болғысы келетіндер үшін жаңа бағдарлама іске қосылмақ. Атауы да ұлттық құндылықпен астасып жатыр.
Ақпарат көздерінде елімізде 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама басталады деген хабар тарағалы көпшілікте сұрақ көп. Әсіресе «Бұл қандай бағдарлама?», «Баспанасы жоқтарға көмегі тие ме?» дейтіндер аз емес.
Шынтуайтына келгенде, бұл – бұрын көпшілікке «9-20-25» деген атаумен таныс бағдарлама. Наурыздан бастап «9-20-25» бағдарламасы «Отау» атауымен жүзеге асырылатын болады. Мамандар 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін азаматтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысуға өтінішін жолдай алады дейді.
– Жыл сайын біз қаржыландыруға 150 млрд теңге бағыттаймыз. Бұл ақша «Отбасы банктің» өз қаражаты есебінен бөлінеді, сондай-ақ Қазақстан қаржы нарығынан да қарыз алып, қаражат тартуды жоспарлап отырмыз. «Отау» бағдарламасы 7 жылға есептелген. Осы кезеңде біз 50 мың азаматтың тұрғын үй мәселесін шешуге көмектесеміз, – дейді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Кімдер қатыса алады деген сұраққа келетін болсақ, бағдарламаға «Отбасы банк» салымшылары, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қатысады. Оның өзінде бірнеше талабы бар. Атап айтқанда, үміткердің жинақ шоты ең кемі 18 ай болуы керек, сондай-ақ өтінім беру сәтінде депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауға тиіс. Бұдан бөлек бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде кейінгі 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болған-болмағаны қатаң тексеріледі. Астана және Алматы сынды еліміздің бас қалаларынан тұрғын үй алғысы келетіндердің сол қалаларда тұрақты тіркеуі болуы қажет екен. Жобаға 18-63 жас аралығындағы кез келген азамат қатыса алады. Соған қарамастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі.
Қолда бар деректерге сүйенсек, өтінім беру уақыты аяқталғаннан кейін otbasybank.kz сайтында қатысушылар тізімі автоматты түрде жасақталады. Тізімге ең көп ұпай жинағандар кіреді. Ал енді ұпай саны қалай есептеледі дегенге келейік. Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін әрбір 1 000 теңгеге 5 балл қойылады. Бұдан бөлек салым мерзімі үшін салымның әрбір жылы үшін 5 балл берсе, тіркелген неке үшін 10 балл қояды. Балаларыңыз болса, тіпті керемет. Өйткені балаларыңыз болғаны үшін 50 балл береді екен. Бұл жерде бала санына қарамайтынын назарға алу керек.
Егер үміткерлердің ұпай саны бірдей болып қалса, не істейді? Мамандар онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға берілетінін мәлім етті. Іріктеуден өткен қатысушылар 40 жұмыс күні ішінде несиелік өтінім бере алады. Банктен оң мақұлдау алған жағдайда несиелік өтінім 6 ай ішінде жарамды болады. Осы уақыт аралығында бағдарламаға қатысушы баспана тауып, несие алып, тұрғын үйді сатып алуы керек.
Бағдарлама арқылы қанша соманың көлемінде үй алуға болады деген де сұрақ туындайды. «Егемен Қазақстан» газетіндегі ақпаратқа сенсек, Алматы мен Астанадағы заемның ең жоғары сомасы 30 млн теңгеге дейін болса, басқа өңірлерде 18 млн теңгеге дейін қарастырылған. Бағдарламаға қатысушы жаңа тұрғын үйді Баспана маркет (otbasybank.kz) порталынан ғана сатып ала алады. Бұл қызмет жаңа тұрғын үй бағдарламасының басталуы аясында тұрғын үй бағасының жасанды өсуіне жол бермеуге арналған. Әрбір нысан аталған платформаға орналастырылмастан бұрын, тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық бағасы негізінде құнын бекіту үдерісінен өтетін болады. Егер ол нарыққа сәйкес келсе, онда құрылыс салушымен шаршы метр бағасын белгілей отырып, тұрғын үйді сату туралы келісім жасалады.
«Отау» бағдарламасының негізгі шарттарына келетін болсақ, алғашқы жарна 20%-дан басталады және кредит бойынша мөлшерлеме жылдық 9% (ЖТСМ 9,2%-дан басталады) болса, несие мерзімі 19 жылға дейін деп бекітілген. «Отау» бағдарламасын іске асырудың барынша ашықтығы үшін оның қатысушыларының тізімі (заем алушылардың келісімімен) «Отбасы банкінің» сайтында жарияланады. Әрбір адам өтінімдерді іріктеу және ұпайларды есептеу нәтижелерімен otbasybank.kz порталында таныса алады.
А.АҚЫЛБЕК
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!