Сенбі, 18 қазан, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Жаңа көпір ел игілігіне

18.10.2025

37 0

Биыл жаңа жобалардың жемісін тұрғындар көре бастады. Халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қала ішіндегі басты жолдар жөделді. Сонымен қатар көпір құрылыстары да қарқын алды. Жоспарға сәйкес, Қызылөзек ауылдық округінде апатты жағдайда тұрған «Қожақ» автомобиль көпірі қайта жаңғыртудан өтті.

Қала күні мерекесі қарсаңында жаңа көпір

пайдалануға берілді. 

Ел игілігі үшін салынған нысанның ашылуына  қала әкімі Нұржан Ахатов  және ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

– Бұл көпірге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы жиі айтылып келді. Сіздердің сол талап-тілек­теріңіз бүгін орындалды. Аймақ басшысының қол­дауымен облыстық бюджеттен 300 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, көпір қайта жаңғыртылды. Жаңарған көпір игіліктеріңізге қызмет етсін, – деді қала әкімі Н.Ахатов.

Салтанатты шарада жаңғырту жұ­мыс­тарын жүргізген мердігер меке­ме «N Строй Сервис» ЖШС қыз­мет­керлеріне қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Жаңа көпір ел игілігіне

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: