Сейсенбі, 03 ақпан, 01:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9 (2221)
03.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа конституция жобасы: Ұлттық дамудың берік іргетасы

03.02.2026

38 0

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Бұл құжат азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды мұқият талдаудың, ашық қоғамдық талқылаулардың, сондай-ақ жаңа нормалар мен ережелерді жан-жақты әрі тиянақты пысықтаудың нәтижесінде жүзеге асады.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Үкімет басшысы барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Осыған орай, облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөніндегі өңірлік актив отырысы өтті. Оған мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, басқармалар мен аумақ­тық департаменттердің басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, Сыр өңірі жұртшылығын бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырды.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсыныс Конституциялық реформаны жүзеге асыруға негіз болып, Парламенттік реформа жөніндегі арнайы Жұмыс тобы құрылды. Қазан айынан бері еліміздегі саяси партиялардан, сарапшылардан, саяси-қоғамдық институттардан, үкіметтік емес ұйымдардан, азаматтарымыздан Парламенттік реформаға қатысты ұсыныстар жинақ­талды. Мемлекет басшымыз Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында жұмыс тобының ұсыныстарын негізге ала отырып, Қазақстанның алдағы саяси бағыт-бағдарын айқындап берді. Президентіміз Құрылтайда еліміздегі бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конституциялық реформаға қатысты өз ұстанымдарын жеткізді. Ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынды. Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азамат­тардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл – ел тари­хындағы маңызды әрі тағдырлы қадам болмақ, – деді облыс әкімі.

Жиында ҚР Парламенті Сенатының жанын­­дағы Сенаторлар кеңесінің мүшесі, Қызылорда облысы­­ның құрметті азаматтары Бекмырза Қайыпұлы мен Мұрат Бақтиярұлы, облыс прокуроры Ризабек Кәрімұлы, облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституция­лық комиссияның мүшесі Мұрат Жолкелдіұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, Конституциялық комис­сияның мүшесі Имамзада Қуанышбайұлы өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: