Сенбі, 18 қазан, 11:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Жаңа стадион – ел мақтанышы

18.10.2025

38 0

Қала күні қар­саңында аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында көптеген жоба жүзеге асуда. Соның ішінде қала тұрғындары үшін ең ауқымды нысандардың бірі – 11 мың орындық халықаралық деңгейдегі жаңа стадионның ашылуы.

Жаңа спорт аренасы халықаралық стан­дарттарға толықтай сай салынған. Алаңның жасанды жабындысы арнайы Еуропадан әкелініп, FIFA және UEFA талаптарына сәй­кес­тендірілген. Әлемдік стадиондардан еш кем түспейді. Жаңа стадион – тек футбол алаңы ғана емес, көпфункционалды спорт кешені. Мұнда бокстан бастап, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, таеквандо, спорттық гимнастика, ауыр атлетика, фитнес сияқты бағыттар қамтылған.

Ғимараттың бірінші қабатында спортшыларға арналған кең жаттығу зал­дары орналасса, екінші қабатында әкімшілік және техникалық бөлмелер бар. Үшінші қабат баспасөз конференциялары мен түрлі жиындарға арналған заманауи зал ретінде жабдықталған.

Бұл кешеннің басты ерекшелігі – халық­аралық деңгейдегі футбол матчтарын өткізуге ресми рұқсат алуы. Бұл дегеніміз, енді Сыр өңірінде елдік, тіпті әлемдік спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға толық мүмкіндік бар.

Қызылорданың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс салынған бұл стадион – өңір спорты­ның жаңа тынысына дем берді. Қала бүгінде мәдениет пен спортты қатар дамыту арқылы елдің еңсесін көтеріп, жаңа дәуірге нық қадам басуда. Мерейтой жылы аясында ашылған әрбір жаңа нысан – Сыр елінің серпінді дамуының көрінісі саналмақ. Қала  күні мерекесінде тұр­ғындар жаңа стадионда өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.

Бетті әзірлеген Г.ҚОЖАХМЕТОВА,

А. АЙТЖАНОВА,

А.БАХТИЯР

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: