Қызылордада алғаш рет «TechnoWomen Kyzylorda: keys to succeed» аймақтық форумы өтті. Форум «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы, кәсіпкерлік пен бизнес ортаны дамыту жөніндегі USAID жобасы аясында ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия және ҚР ғылым және жоғары білім, өнеркәсіп және құрылыс министрліктері Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетімен бірігіп ұйымдастырды. Шараның мақсаты – әйелдерді шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу арқылы ақпараттық технология саласына тартуға, стартап қозғалыс мәселелері, кәсіпкер әйелдерді цифрлық трансформация және электронды коммерция мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру. Форум алаңында цифрлық технологияларды кәсіпкерлікке қолдануы туралы айтылды. Форумда «TechnoWomen» КЕҰ Басқарма төрағасы, «Цифрлық трансформация» ҚҚ негізін қалаушы Азиза Шужеева жаңа инновациялар мен технологиялар туралы айтты.
– Форумда нәзік жандарға арналған ин¬но¬вациялық технологиялардың жаңа мүм¬кіндіктері туралы айтамыз. IT технологиялар бизнесті дамытуға және табыс табуға бірегей мүмкіндік береді. Жаңа технологияларды үйрену тек даму мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге табысты арттырудың жолы. Форумға қатысушы әйелдер қауымына қорықпай іс бастауға, жаңа идеяларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырамыз, – дейді Азиза Шужеева.
Шарада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Академиялық мәселелер бойынша Басқарма мүшесі – проректор Дана Абдрашева форумға қатысушылар мен спикерлерге оқу орнындағы IT саласындағы атқарылып жатқан шаралар туралы қысқаша тоқталды.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық уни¬верситеті әйелдер көшбасшылығы және кәсіпкерлік орталығының басшысы Гүлзира Бекқалиева әйелдердің көшбасшылық дағ¬дыларын дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сеул Ұлттық Ғылым және тех¬нология университетінің про¬фессоры, LUPIC жобасының директоры Джесу Ким жа¬санды интеллект тарихы мен болашағы туралы жастарға ақпарат берді. Айтуынша, жасанды интеллект тарихы¬ның тамыры адам табиғаты мен әлем¬ді тану процесі мен ертедегі философиялық зерттеулерден бастау алады.
– Жасанды интеллект жұмысты жеңілдете¬тін құрал. Жалпы, жасанды интеллект тапсыр¬маларды автоматтандыру, процестерді оңтай¬ландыру және қоғам мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер беру арқылы әлемді өзгертуді жалғастыруда, – дейді профессор.
Өз кезегінде «TechnoWomen» ұйымының басқарма мүшесі Бикеш Құрманғалиева жасанды интеллект саласының әсерінен мамандықтар қаншалықты өзгеретіні туралы шолу жасады. Маман пікірінше, жасанды интеллект еңбек нарығына елеулі өзгерістер әкеледі деп есептейді. Жаңа кәсіптер пайда болып, ескі мамандықтар жойылады. Жұ¬мыстағы тапсырмалар автоматтандыру процестерді жылдамдатып, жұмыстың тиім-ділігі артады. Сонымен бірге жасанды ин¬теллект әсерінен күрделірек тапсырмаларды орындау үшін мамандарды қайта даярлау қажет екенін атап өтті.
Шарада «Мac Dent» ЖШС ІТ команиясы¬ның бас директоры және негізін қалаушы Мақпал Оразқызы табысты бизнес құруда түрлі пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни¬верситеті жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев жасанды интеллект түрлері мен қауіптеріне тоқталса, Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторының бас¬шысы Жанарыс Тубекбаев бизнес бастауда жасанды интеллект мүмкіндіктері мен аймақта жүзеге асырылып жатқан стартаптар туралы ақпарат берді.
«FORTENUR CONSULTING» негізін қалаушы – Нұргүл Бексұлтанова қаржылық сауаттылық пен бизнесті дұрыс жүргізу туралы ақпарат пен кеңес берсе, Сo-founder & Co-owner, Clever Market құрылтайшысы Алуа Көрпебаева электронды коммерция, онлайн сауда, тұтынушыларға тауарларды онлайн платформалар арқылы сату, пайда табу туралы айтты.
Форум аясында қатысушылар арасында сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, сыйлық таратылды.
София ТЕМІРБОЛАТ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!