Сенбі, 18 қазан, 11:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Жаңарған саябақ

18.10.2025

36 0

Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы Сыр өңірінде қарқынды жүзеге асуда. Осы орайда бұл бастамаға мекеме ұжымдары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, волонтерлар мен жастар және қала тұрғындары белсене атсалысып, туған өлкенің тазалығы мен көркіне үлес қосып келеді. Бүгінде қала аумағында 33 сквер мен аллея және саябақтар орналасқан. Жөңдеу жұмыстарын талап ететін саябақтар қайта жаңғыртылып, ел игілігіне берілуде. Жаңаша кейіпке енген нысанның бірі – Қорқыт ата саябағы.

Аймақ басшысының тікелей қолдауымен толықтай жаңғыртудан өткен саябақ бүгінде қайта жөндеу жұмысынан өтіп, келушілердің көз қуанышына айналды. Аумағы 39 мың шаршы метрді құрайтын демалыс орнын­да заманауи субұрқақ, спорт және ойын алаңдары салынды, сонымен қатар соңғы үлгідегі жарық шамдары орнатылды. Жоба­ны жүзеге асыруға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалып, саябақтың кел­беті түбегейлі өзгерді.

Қайта жаңғыртудан өткен «Қорқыт ата» мемориалды саябағының ашылуына ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ардагер­лер мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында «Таза Қазақстан» бағдарла­масына белсенді қатысып, қор­шаған ортаны таза ұстауға үлес қосқан коммуналдық сала қызметкерлері мен саябақ жаңғырту жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме мамандарына қала әкі­мінің Алғыс хаты табысталды.

– Сіздерді тарихы терең туған өлке­міздің ғасырлық тойы және «Қала күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының қолдауымен бұған дейін 6 млрд 500 млн теңгеге қалалық мәдени-демалыс паркі жаңғыртылып, халық игілігіне берілген еді. Қазіргі таңда 15 млрд теңгеге Президент саябағы қайта жаңалануда. Мұнда 300 орын­дық заманауи балалар тынығу лагері бой кө­теруде. Сондай-ақ саябақ аумағында 5 млрд теңгеге ботаникалық орталық салынуда, – деді Нұржан Сәбитұлы өз сөзінде.

Айта кету керек, жаңарған Қорқыт ата саябағы биылғы «Қала күні» мерекесі қарсаңында ашылған болатын. Бүгінде бұл демалыс орны қызылордалықтардың бос уақытын тиімді өткізіп, серуендейтін сүйікті саялы мекеніне айналып отыр.

Жаңарған саябақ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: