Сенбі, 22 қараша, 00:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Жаңарған үйлер – қала көркі

22.11.2025

29 0

Сыр елінің бас шаһары бүгінде дамудың даңғыл жолында. Қазіргі таңда аймақ басшысының қолдауымен көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерінде жаңалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ғимараттардың бірыңғай үлгідегі сәулеттік келбетін қалыптастыру бағытында жасалуда.

Биыл қаладағы 20 тұрғын үйді линеарлы панель­дермен қаптау үшін қажетті қаржы қаралған. Осы уақытқа дейін бас мердігер «Еңбек» РМК мекемесінің сапалы жұмыстары нәтижесінде 5 тұрғын үйдің қасбеті қапталды. Олардың ішінде А. Тоқмағамбетов көшесі №1 үй, Абай даңғылы №33 және №28 үй, Әйтеке би көшесі №27 үй, Қонаев көшесі №26 үй бар. Мердігер мекеме тағы бірнеше үйдің қасбетін әрлеуге кіріскен. Қазіргі уақытта Назарбаев даңғылы 1,2,3,4, Шұғыла шағын ауданы №58, Әуелбеков көшесі 41,39,36, Әбуов көшесі №8 тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін әрлеу жұмыстары бірыңғайланып қалған.

Тұрғын үйлердің қасбетін линеарлы панельмен қаптау артық шығынды қажет етпейді. Себебі ұзақ жылға шыдайтындай заманауи құрылыс материалдары таңдалған. Пайдаланып жатқан материалдардың бар­лығы сапалы және өңірдің табиғи ерекшелігіне төтеп бере алады дейді мамандар.

Жөндеу жұмысынан соң үйлердің сәні кіріп қалды. Қаладағы тұрғын үйлердің қасбеті қайта жаңғыртылғанына тұрғындар дән риза. Жаңарған үйлер алыстан көз тартады.

«Ақмешіт-ақпарат»

Жаңарған үйлер – қала көркі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: