Сенбі, 16 тамыз, 03:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№61,2174
16.08.2025
PDF мұрағаты

Жақсылық Абдусаметов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры:  Халыққа  тиімді өзгеріс бар

16.08.2025

46 0

 Заңдағы өзгерістерге тоқталсақ, жарна есептеу тәртібіне қандай жаңалықтар енді?

 – МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жарналар мен аударымдарды есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру ұсынылуда. Енді жұмыс берушілер жарналарды ең көбі 40 ЕТЖ көлеміндегі сомадан есептейді. Ал жұмысшылар  20 ЕТЖ көлеміне дейін төлейді.

Бұл не береді? Жүйеде әділдік болады. Қазіргі таңда жоғары табысы бар тұлғалар пропорционалды түрде аз төлейді. МӘМС қаржылық тұрақтылығы нығаяды, 2026 жылы қосымша 200 млрд теңге түседі. Жаңа заңдағы өзгерістер жүйенің қаржылық тұрақтылығын нығайтып қана қоймай, азаматтардың денсаулық сақтау шығындарын өтеудегі жауапкершілікті әділ және теңдей бөлу қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  – Жарна төлеуде үзіліс болған жағдайда сақтандыру мәртебесі қалай сақталады?

 – Заңда тағы бір маңызды жаңалық – МӘМС жүйесіне кемінде 5 жыл тұрақты жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан жағдайда да 6 ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қала алады. Бұған дейін бұл мерзім 3 айды ғана құрайтын.

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қандай көмектер көретіледі?

 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңындағы ен­гізілген өзгерістер ең алдымен, қарапайым халық үшін медициналық кө­мек­ті тиімді етуге бағытталған. Енді жергілікті атқарушы органдар әлеу­меттік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағ­дайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейді. Сонымен қатар ресми жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да сақтандыру жүйесіне жергілікті бюджет есебінен қамтылады. Бұл өңірлердегі халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдауға қосымша серпін береді.  Бұл шара Қызылорда облысында сақтандырылмаған азаматтар қатарын азайтуға ықпал етпек. Жалпы, бүгінгі таңда жыл басынан бері аймағымызда 686 177 адам, яғни халықтың 83,3 пайыздан астамы сақтандырылған. Алайда 137 554 азаматтың сақтандыру мәртебесі жоқ. Оның ішінде 40 605 азамат әлеуметтік осал топты азаматтар санатында. Мәселен, Д  санатында – 30 116 адам болса, Е  санатында – 10 489 адам бар.

МӘМС жүйесіне енгізілген бұл өзгерістер халықтың әлжуаз топтарын қорғауды күшейтіп, сапалы әрі тиімді медициналық көмекке жол ашпақ. Денсаулық сақтау саласындағы бұл қадамдар әлеуметтік әділеттілік пен қаржылық тұрақтылыққа негізделген.

Аймағымызда халыққа қандай нақты көмек көрсетілуде? МӘМС аясында қолжетімді медициналық қызметтер жөнінде айтып өтсеңіз

 – 2025 жылы Қызылорда облысында денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 117,4 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 57,1 млрд теңге МӘМС аясындағы қызметтерге, 60,3 млрд теңге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне бағытталған. МӘМС шеңберінде 31,7 млрд  стационарлық көмекке, 17,6 млрд кеңес-диагностикалық қызметке, 10,0 млн теңге дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген. Амбулаториялық-емханалық жағдайдағы  консультациялық-диагностикалық қызметтерге айтарлықтай қаржыландыру қажет етіледі. Мәселен, жыл басынан бері облыстағы медициналық ұйымдарда МӘМС есебінен 2 миллионнан астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар қаржыландырудың қомақты бөлігі мамандандырылған стационарлық көмек көрсету және жоғары технологиялық оталарға жұмсалады. Медициналық мекемелерде биылғы 5 айда  105 522 науқас стационарлық жағдайда емделген. Оның ішінде 19 333 пациент  тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша емделген болса, қалған 86 189 мыңнан астам тұрғынға МӘМС қаражаты есебінен көмек көрсетілген. Күндізгі стационар бойынша 16 050 науқас ем қабылдаған. Сондай-ақ жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 385 млн теңгеге 61 жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетілген. Кардиохирургия мен нейрохирургия салаларындағы мұндай оталардың құны бірнеше миллионнан бастап 10 миллион теңгеге дейін жетеді.  Биыл 144 күрделі отаны қаржыландыру жоспарланған.  

Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан: Айтолқын Айтжанова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: