Сенбі, 18 қазан, 11:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Жарқырай бер, Қызылорда!

18.10.2025

35 0

Кешегі кеште қалалықтар жаңа стадионға қарай асықты. Себебі белгілі. Қала күні мерекесі жаңа стадионда өнер жұлдыздарының гала-концертімен түйінделмек. 11 мың орынға арналған стадионда иін тірескен халық, тайлы-тұяғы қалмай мерекелік кешті тамашалауға келген қала тұрғындары.

Мәні де, мазмұны да бөлек қала күні мерекесі кеше күні бойы түрлі іс-шараға толы болды. Өндіріс орындарының ашылуы, ғылыми-танымдық конференция, алтын күз мерекесіне арналған салтанатты жиынның әсері жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Ал стадиондағы мерекелік кештің орны бөлек екені даусыз. Айта кетелік, қала тойына алыстан ат терлетіп келген қонақтар аз емес. «Сырт көз-сыншы» дегендей, қадірменді қонақтар жаңа кейіпке ен­ген Сырдың бас шаһарының бүгінгі келбетіне оң бағасын беруде.

Көп күттірмей, қала күні мерекесіне арналған концерт те басталды. «Дария төсіндегі дархан дала Қызылорда – талай тарланбоздар түлеп ұшып, Сыр өңірінің ғана емес, тұтас елдің мақтанышына айналған қасиетті мекен!» – деп кеш жүргізушісі  Мәдина Сәдуақасова қалалықтарды бір серпілтіп тастады.

Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша жұртшылықты Қызыл­орда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуымен тұспа-тұс келген қала күні мерекесімен құттықтап, Сыр өңірінің бүгінгі күнге жеткен жетістіктеріне тоқталып, елге береке-бірлік тіледі.

Айта кетелік, мерекелік кештің тосын сыйы аз болған жоқ. Соның бірі – Қызылорда аспанын Сыр нақыштарымен көмкерген дрондар шоуы. Тұрғындарды әдемі әсерге бөлеген көріністен соң Сыр перзенті, ақын-композитор, әнші Елена Әбдіхалықова бастаған өнер жұлдыздары ән шырқап, қалалықтарға тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Г.Мұрат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: